Жаңа жылға бір апта қалғанда арықтау үшін...

Жаңа жылға бір апта қалғанда арықтау үшін...

Жаңа жылға бір апта уақыт қалды. Демек, бір аптадан кейін сізге ауыр тағамдар, тіскебасарлар, салттар жеуге тура келеді. Осы апта ішінде шамалы арықтаймын десеңіз, жаңажылдық кешке дайын болыңыз.

  1. Сұйық калорияларға шектеу қойыңыз. Минералды суды газсыз, шәйді қантсыз, майлығы төмен сүт ішіңіз.
  2. Калориясы мол тағам түрлерінен бас тартыңыз. Мысалға ірімшік тілімінде 200 ккалға дейін болады. Бұны тауық етімен де ауыстырса болар еді.
  3. Тәттіге жоқ деңіз. Бір апта бойы еш тәтті жемеңіз. Мүлдем шыдамаған сәттері йогурт жесеңіз болады.
  4. Сұйық тағамдар рационыңыздың басты бөлігін құрасын. Бір тәрелке көкөніс сорпасы 80-ақ ккал бола тұра, қарынды тойдырады.
  5. Осы аптаның екі күнін тазарту күндері деп жариялап, өзіңізге тек буға пісірілген көкөністер, ботқа жеуге рұқсат беріңіз.
  6. Сұлы жармасын, күріш сияқты дәнді дақылдарды жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұндай тағамдар ұзақ уақыт бойына аштық сезімін басады.
  7. Тамақты тұздамаңыз. Тұздалған тағамға құмарлық ағзада артық сулардың жиналуына себепкер болады. Бұл бірнеше артық килограмм береді. Бір апта тұзсыз тамақтансаңыз, бірден өзгергеніңізді байқайсыз.
  8. Етті балықпен алмастырыңыз. Ол жеңілірек қабылданып, ағзаға пайдалырақ болады.
  9. Кешкі сағат 6-дан кейін тамақтанбаңыз. Алайда ұйқы алдында бір стақан айран ішуге рұқсат.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: blogs.lb.ua

С. А