Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңарған жаңа жыл!

Жаңарған жаңа жыл!

Жаңарған жаңа жыл!

Жаңа жыл... Бұл күн бәлендей құдіретке ие емес, әрине! Десек те, үлкені де, кішісі де осы күннен бір жаңалық, бәлкім қуаныш күтері анық. Бүлдіршіндер сонау қап сақалды қариядан, Аяз атаны айтам, сый күтеді. Біз, ересектер, Аяз атаның бар екеніне сенбесек те, бала кездегі сенімімізге налымаймыз. Мүмкін, сәби қиялымыздың тәттілігінен...

Осы орайда мен, өз құрдастарым, студент жастардың осы күнді қандай мерекелік көңіл-күймен өткізуі қажет екендігіне кеңес білдірсем.

Балл. Ұлпа қардың бедеріндей қысқы балл. Атақты ойшылдың « Өмір- театр, бәріміз оның әртістеріміз» дегенін ойыма критерий еткім кеп тұрғаны. Мерекелік салтанат сарайын жаттанды безендіруден аулақ болайық. Бүкіл залды төртке бөліп, табиғат ананың төрт мезгілін жасау ләзім.

Әр мезгілдің өз бедерін, ерекшеліктерін, әсіресе танымал кейіпкерлерін жасаймыз. Көктемде бұлбұл бейнесінде киінген қыздар, тағысын тағы өз кейіпкерлері. Қалған мезгілдерде де солай.

Сіз бен біз білетін шытырман ертегілердің, театр кейіпкерлерінің, кино образдарының бейнесі арамызда бірге жаңа жылды қарсы алса, несі оқыс?! Менің ойымша, жаттандылықтан қашатын мезгіл жетті-ау! Неге кеш барысында арнайы жүргізушілер болуы керек? Өз мейрамымызды қызықты ету өзіміздің де қолымыздан келеді, солай емес пе? Ертегілерден Толағай жүрсін, жыл бойы жауын-шашын мол болады деген сенім ұялар; Алпамыс, Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай болса, кешіміз қауіпсіз өтер деп сенерміз. Ал, ертегілердегі Күн астындағы Күнікей сынды сұлулар бейнесі қажет. Енді балға келген әрбір қыз сондайлық сымбатты болуы керек қой, тап ертегідегі сұлулар секілді. Театр қаһармандарынан Шекспирдің Гамлеті, Ромео-Джуллеттасы, сонымен қоса, оқыған шығармаларымыздағы ерекше типтер, Оскар Уайлдтың Дориан Грейдің портретіндегі психолог, адамдарды азғырып жүрсін. Мұның өзі қызықты. Енді қарама-қарсы тип - Мұхтар Әуезовтың «Абай жолынан» Абайды ала келейік. Ізгіліктің насихаттаушысы болсын. Киномотография бойынша Гарри Поттер, Гулливер, мүмкін «Жүзік патшасындағы» Стогул, сүйікті мультфильмдерімізден Шрек, Фиона, Кунг-фу панда, ергежейлі Квазимода, Том мен Джерри, Қасқыр мен қоян арамызда жүрер болса сергиміз, шаттанамыз.

Театрландырылған карнавалымыздың бір ерекшелігі сол болсын. Кейіпкерлер біздермен тікелей байланыста болса, ерліктерін, қызықты оқиғаларын әңгімелесе, ғажап емес пе?!

Айтуды ұмытыппын, Байронның «Дон Жуаны» жүріп, аруларымызға сөз білдіріп жатса, қызықтың көкесі болмақ.

Әр мезгілдің тұсында «Сағыныш жәшікшелері» орнатылсын. Сол  маусымда қалған арман-ойларыңыз, тәтті мұңдар мен шерлі сағынышыңызды жазып қалдырыңыз. Хат-кептеріңізді ешкім оқымайды, мүмкін. Әйтсе де, бойыңызды билеген сезімді қағазға түсіру сізге жеңілдік пен бақытты сәт сыйлайды.

Балалық шағыңыздан бері таныс образдармен түн бойы салтанатты карнавалды бірге өткізу күнде бұйыра бермес. Сондықтан, ойнаңыз, күліңіз, мұңдасыңыз, шеріңізді ақтарыңыз. Өле-өлгенше өшпестей естелігіңіз болып қалсын.

Карнавалға, қысқы балға киетін киіміңіз қандай болғаны абзал? Мұнда да жаттандылықтан аулақтау кеткен жөн. Қандай киімде болғыңыз келеді? Ғұмырыңыздағы ең сүйікті кейіпкеріңіз, не қаһарманыңыздың образында болуды қаларсыз. Сөзсіз жасаңыз! 

Осыншама кейіпкерлердің арасынан ең  күткенім, ең  асыққаным жоқ деп дегбірсізденіп отырсыз ба? Аяз ата мен қаршасыз... Енді, ол қаһармандардың болу-болмауы сіздің ықтиярыңызда. Жаңа жылдық шыршаны айналып билегенде, оларсыз қандай күйде боларсыздар, көріңіздер...

Жаңа жылдарыңызбен!

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: god-zmei.ru

952 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2012, 12:10
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2012, 12:06

Jana jyldarynyzben!

+0
26 желтоқсан 2012, 12:18

Жаңа Жылды жаңаша қарсы алайық!

+0
26 желтоқсан 2012, 16:17

ештеңені жаңартқым келмид, мереке қалай бар солай ұнайды!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...