Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / "Мәдениет" айдары бойынша 1 жылдық есеп-шолу

"Мәдениет" айдары бойынша 1 жылдық есеп-шолу

Жаңа жыл келіп, жылан жылына бірнеше қадамдар қалған кезде, өткен қоян жылындағы "Мәдениет" айдарының сараптамасын ұсынамыз.

"Мәдениет" айдары өз ішінде көпе-көрнеу еңбек етіп, еліміздегі және әлемдегі мәдениет ақпарларымен бөлісіп отырды. Өнердің түрлі салаларындағы атақты мәдениет, өнер қайраткерлерінің шығармашылық болмысымен таныстыра отырып, жастардың қызығушылығын арттырды.

Мұның ішінде дәстүрлі түрде жазылып отырған қазақ әндерінің тарихы, театр қойылымдарына жасалған түрлі шолу, сұхбат, ақпараттар, белгілі өнер адамдарымен жасалған әңгіме-сұхбаттар оқырманға қызық болды деген сенімдеміз.

Ендігіде "Мәдениет" айдары бойынша жыл бойында ең көп оқылған мақалаларды сараптап өтейік. Ең бірінші кезекте ақпарат ретінде шыққан ««Көк тарландары» телехикаясы көрерменге жол тартпақ» атты жазба. Ақпарат бүгінге дейін 8960 рет көріліп, оған 6 пікір жазылған. Қазақ кинөндірісінің даму дәуірінде дәл осы тақырыптағы жаңалықтың көп оқырманға қызықты болуы заңды да.

Себебі оқырманымыздың қазақтың төл туындыларына деген қызығушылығы уақыт санап артуда. Бұл ойымызды көрілімі жағынан екінші боп тұрған ««Жаужүрек мың бала» асыға күткен тарихи фильм» мақаласы дәлелдеп бермек. Жазба 7304 рет көріліп, оған 12 пікір жазылған.

Біз бірінші кезекте көрілу есебінен ғана шыққан нәтиже бойынша қорыттық. Ал қызу талқыға түсіп, елді елең еткізген мақалалар да баршылық.

Иә, ұмытып барады екенбіз. «Сары баспасөз» болып тікелей аударылып жүрген ақпараттардың оқырманына да ұсынатын дүниелеріміз көп.

Ал келешекте "Мәдениет" айдары өз оқырманын жаңа мүмкіндіктерімен таңғалдырмақ. Мәселен, ән тыңдап, бейнебаян көргіңіз келе ме? Әлде мәдениет қайраткерлері, суретші, әнші, бишілермен онлайн түрде сұхбаттасқыңыз келе ме? Мұның барлығы да тәй-тәй басқан ерке Массагеттің алар асуы, көрер қызығы. Біз сіздің сенімді әлі-ақ ақтаймыз. Тек бізбен бірге болыңыз!

Құрметпен: Ардақ Құлтай

Сурет: мұрағаттан

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 желтоқсан 2012, 15:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.