Жыл қорытындысы. "Техно" айдарына шолу

Жыл қорытындысы. "Техно" айдарына шолу

Құрметті Массагет порталының оқырмандары! Біз сіздерге бір жыл бойына сайтымыздың "Техно" айдары арқылы жаңа технологиялар әлемі мен гаджеттер жөнінде ең қызықты деген жаңалықтар мен бағдарламаларды пайдалану жөніндегі кеңестерімізді беруге тырыстық. Оқырмандарымызға барынша ыңғайлы әрі түсінікті болу мақсатымен айдарға үш негізгі бөлім таңдалып алынды.

Техно әлемінде болып жатқан қызықтар мен гаджеттер жөніндегі жаңалықтар "Шолу" бөліміне кірістірілді.

Жаңа технология саласындағы елең еткізіп, таң қалдырар ақпараттар "Білесіз бе?" бөліміне топтастырылды. 

Сіздерге ең қажетті бағдарламалар мен компьютерді пайдалану жөніндегі кеңестер "FAQ" мойнына артылды. 

Жыл бойына "Шолу" бөліміне 220 материал орналастырылды. Елді дүрліктірген ақырзаман жөнінде жазылған "NASA ғалымдары биыл ақырзаманның болмайтынын дәлелдемекші" атты мақала ең көп қаралыпты (1603 рет). Одан кейін "Аңызға айналған телефондар" (1405 рет қаралған). Үшінші орында "Google-да іздеудің сырлары" деген кеңестер (1379 мәрте).

"Білесіз бе?" айдары 121 қызықты материалдармен толықты. Ең көп қаралған "Ұялы телефонның кері әсері" атты материал екен (3020 рет көрілген). Екінші орында "Нанотехнология" (2463 мәрте қаралған). Үздік үштікті "Интернеттің пайда болу тарихы" атты қызықты материал қорытындылайды (2004 адам қарап үлгерген).

"FAQ" арқылы сізге жыл бойына барлығы 33 қызықты кеңесімізді бердік. Осы бөлім бойынша ең көп ізделген "Windows 7/Vista және XP ОЖ-лерін қазақшаға аудару" тақырыбы (2526 рет). Екінші кезекте "Телефонды суға түсіріп алсам..." деген қызықты да, пайдалы кеңестер жинағы (1661 адам қараған). Үшінші "Facebook-ті қазақшалау" атты материал (1445 мәрте көрілген). 

Осымен біз сіздерге "Техно" бөлімінің бір жылдық қысқаша статистикаларын бердік. Жасалған жұмыстар аз емес, бірақ алда жасалатыны одан да көп. Біз келіп жеткен 2013 жылы да сіздерге қызықты да, пайдалы болатын әлі талай мәлімет беруге тырысамыз. Сондықтан бізбен бірге болыңыздар! 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: massaget.kz

Б. Қосмағамбет