Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жыл қорытындысы: Спорт

Жыл қорытындысы: Спорт

Жыл қорытындысы: Спорт

Әне-міне дегенше, ұлу жылын да шығарып салып, жылан жылын қарсы алуға тас-түйін дайындалып жатырмыз. Өткен жылға бізде өкпе жоқ шығар?! Өйткені ұлу жылында біз қай бағытта болмасын толағай табыстарға жеттік. Соның ішінде спорттағы жетістіктерімізді ерекше атауға болады. Жыл басынан бастап спортшыларымыз көптеген жарысқа қатысты. Футболдан өткен Еуро додасына қатыса алмайтынымыз о бастан белгілі болғанымен, төрт жылда бір рет қана келетін Олимпиада ойындарында біз ертеректе қол жеткізбеген табыстармен Лондон мен Әлемді бір мойындатып тастадық. Назарларыңызға 2012 жылы спорт әлемінде болған елеулі оқиғаларды ұсынбақпыз.

 Еуро-2012

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін-ертең Еуропа немесе Әлем Біріншілігіне шығады дегенге ешкім сене қоймас. Бірақ қазақ жанкүйерлері Польша мен Украина жерінде өткен Қартамыс құрлықтың жарысын тамашаламады деуге де негіз жоқ. Адамдарды біріктіретін ұлы күштердің біреуі – футбол екеніне сіз бен біз жазда ғана куәгер болдық. 

Польша мен Украинаға Еуропаның кіл мықты футбол державалары келді. Әрине бұл державалардың ішінде де  анық фовариттер бар екені сөзсіз. Шевченкоға үміт артқан украин жанкүйерлері мен Левандовксийдің сүрмергендігіне сенген польяк жанкүйерлері өкінішке орай, өздерінің сүйікті командасын топтарынан асыра алмады. Ал Италия сенім артқан – Пирло, Испания үміт артқан – Хави мен Иньеста, немістер сенген – Мюллер мен Клозе командаларын турнирдің жартылай финалына дейін сүйреді. Финалда Испания мен италиялық жігіттер кездесті. Соңғы онжылдықта әлемде «қызыл фурия» саналатын испан құрамасына әлі де ешқандай құрама тең келер емес. Финалда да Дель Боскенің шәкірттері Буффон қорғаған қақпаның саңылауын төрт мәрте тауып, Еуропаның қатарына екінші чемпионы атанды. Ал испандықтардың шабуылшысы – Фернандо Торрес үздік сүрмерген атанса, Андреас Иньеста доданың ең үздік ойыншысы атанды.

Олимпиада ойындары

Еуропа біріншілігі аяқталған соң, спортсүйер қауым ат басын «Тұманды альбион» жерінде өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына бұрды. Бұл сынға Қазақстан атынан жүзден аса спортшы қатысты. Ай бойы спортсүйерді өзіне қаратқан Олимпиаданың алғашқы күні Александр Винакуров бірінші болып алтынды қоржынға салды. Содан кейін ауыр атлеттеріміздің кезегі келді. Алдымен Зульфия Чиншанло алдына жан салмай екінші алтынды олжаласа, Мая Манеза мен Подобедовалар алтыннан алқа тақты, қызылордалық талант Илья Ильин екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Үш қарғып секіруден Өскемен қаласының тумасы Ольга Рыпакова Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы екінші алтын медалін иеленді.

Соңғы болып қоржынға алтынмен қоса Вел Баркер кубогін Серік Сәпиев салды. Сондай-ақ Лондон төрінен Әділбек Ниязымбетов күміс алса, Ақжүрек Таңатаров, Марина Вальнова, Гюзел Манюрова, Даниэль Гаджиевтар қоламен елге оралды. Жалпы саны 12 медаль алған Қазақстан құрамасы ХХХ жазғы Олимпиада барысында командалық есепте 12-сатыға тұрақтады. Бұл Олимпиада ойындары барысындағы тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен көрсеткіші болып табылады.

Футбол

Енді Қазақстан біріншілігіне тоқталсақ. Биыл Қазақстанның ХХVI футбол ішкі біріншілігі өз мәресіне жетті. Біріншілік басталғаннан тізгінді қолға алған қарағандылық «Шахтер» қатарынан екінші рет чемпион атанды. Екінші орында «Ертіс», үздік үштікті ақтөбелік «Ақтөбе» командасы қорытындылады. Сонымен қатар елордалық «Астана» ұжымы ел кубогінің жеңімпазы атанып, келер жылы Еурододаларға қатысуға мүмкіндік алды.

Ел біріншілі аяқталған соң Қазақстан Футбол Федерациясы чемпионаттың үздіктерін де анықтады. 2012 жылғы еліміздің үздік аяқдопшысы болып, «Астана» және Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны – Қайрат Нұрдаулетов танылды. Ал үздік бапкер атағын «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков жеңіп алды.

Бокс


Еліміздегі ең бәсі биік спорттың түрі әрине, бокс. Боксшыларымыз да ұлу жылы біршама жетістікке жетті. Жоғарыдағы айтқан Олимпиада ойындарынан бөлек, Әлем біріншілігіне қатысты. Жақында ғана Қазақстан біріншілігін AIBA-ның жаңа заңнамасымен өткізді. Олимпиадада жолы болмаған Жақыпов пен Жайлауовтар көсіле өнер көрсетті ішкі біріншілікте. Енді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов желтоқсанның соңынан бастап ұлттық құрамаға толықтырулар мен түзетулер енгізетін болады. «Келер жылы Әлем біріншілігіне ел біріншілігінде жақсы қырынан келген боксшыларымызды апаратын боламыз. Ұлттық құраманың есігі барлық боксшыға ашық. Тек шын мықты екенін дәлелдесе болғаны», - дейді құрама бапкері. Мүмкін, алдағы уақытта біз құрамадан есімі елге таныс емес боксшыларды да көретін шыармыз. Бірақ, бұл 2013 жылдың еншісінде болады.

Ауыр атлетика

Еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан спорт түрінің бірі – ауыр атлетика. Осы спорт түрінің арқасында енді бізде екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы бар. Ол - Илья Ильин. Ильиннің жетістіктерін көріп бүгінде зілтемірмен арпалысып жүрген спортшылардың саны (бейресми ақпарат) 150 мыңнан асып жығылады екен. 2012 жылы Олимпиада ойындарында да қоржынға ең көп алтынды салған осы зілтеміршілер. Жастар арасында да біздің ауыр атлеттер оза жауып жүр. Атап өтетін болсақ, қызылордалық Нұрсұлтан Рахатов жастар арасында Азияның күміс жүлдесін алса, жасөспірімдер арасында да Сыр елінің зілтеміршісі күмісті иеленген. Мьянмада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде тараздық ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанды. Қыздар арасында Жазира Жаппарқұл мен Нодежда Ногай, Файна Сыбанбаева мен Екетерина Столеренкоға тең келер ешкім жоқ.

2014 жылы Астанада тұңғыш рет ауыр атлетикадан Әлем біріншілі өткелі жатыр. Соған орай биыл Ауыр атлетика президенті Томаш Аян елімізге арнайы ат басын бұрды. Енді өсіп келе жатқан жастарды сол Әлем чемпионатына теріп, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарына апаратын болады.

P.S Жалпы Қазақстанда жоғарыдағы спорттан басқа велоспорт, күрес түрлері, жеңіл атлетика, қыздар волейболы, вотерпол сынды спорт түрлері жақсы дамыған. Бірақ солардың кейбірінде жаттығатын база болмаса, енді бірінде тұрақты қаражат болмай жатады. Осы мәселелердің барлығы шешіліп жатса, 2016 жылы Бразилия жерінде алтын мен күміс, қолалар 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан екі есе көп болуы ғажап емес!

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz, eurosport.ru, alasharena.kz

1071 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 31 желтоқсан 2012, 15:46
Пікірлер
+0
04 қаңтар 2013, 22:23

Қазақстан 13 медаль алды :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...