2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Егіздер

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Егіздер
  • Нәзік жандыларға 

Көңіліңізді күдіктен айырыңыз. Өз интуицияңызға сенуді үйреніңіз. Бұл жылы сізде қол қусырып отыратын уақыт болмайды. Өйткені сіз жасау керек шаруалар кезек күтіп тұр. Алғашқы жарты жылда еңбекке деген құлшынысыңыз артпақ.  Өзімшілдікке жол беріп қоймаңыз. Романтикалық кездесулер сіздің өміріңізді таңғажайып етпек. Бала-шағасы бар ата-аналар үшін бұл жыл ерекше түсіністіктің жылы болмақ. Егер жаныңызды жегідей жейтін мәселелер пайда бола бастаса, онымен тез арада арпалысуға тырысыңыз. Шамаңыз жетпей жатқан тұстарда жаныңызға жақын досыңызды шақырыңыз. Болмаса, арнайы психологтың көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Жалғыз шешемін деген мәселелер жақсы нәтиже бермеуі мүмкін. Екінші жарты жылдықта жұмысқа деген құлшынысыңыз ерекше артпақ. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліп, спортпен еркін шұғылданатын боласыз.

  • Ерлерге

Алғашқы жарты жылда сіздің достарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында дәрежеңіз өспек. Бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз. Сіздің дәрежеңіздің көтерілуі де соған байланысты. Тек мұндай шақта денсаулығыңызға қатты көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Өйткені көптеген шаруалар сізді физикалық тұрғыда шаршатуы мүмкін.

Жеке өмір

  • Нәзік жандыларға

Әсіресе алғашқы жарты жылдықта қаңтар айынан бастап романтикалық байланыстар өзінің көп жемісін бермек. Егер сіз әлі жартыңызды тауып үлгермеген болсаңыз, онда осы жылы жаныңыз қалаған жанмен бас қосуыңызға көп мүмкіндік туады. Жылан жылында қиылған некенің ғұмыры ұзақ та, баянды болмақ. Тек бәрі де өзіңізге байланысты екендігін естен шығармаңыз. Сізде кез келген қиындықты жеңуге күш мол. Соны ұмытпаңыз! Ал екінші жарты жылдықта алғашқы жарты жылдыққа қарағанда байсалды өмір кешесіз. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз. Махаббаттың ең тәтті кезі – қазан айы. Егер қатынастарыңыз шынға ұласып жатса, неке сарайына қарай асығыңыздар.

  • Ерлерге

Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиын мәселе болмайды. Өзіңіздің тартымды тұлғаңызбен кез келген  арудың жүрегін жаулап аласыз. Бәрі бірден бола қоймайды. Алғашқы жарты жылдықта сізді көптеген таныстықтар күтуде. Өзіңіздің сүйгеніңізді тек күз айында жолықтыруыңыз мүмкін. Аяғы жақсыға ұласпақ.

Жұмыс және мансап

  • Нәзік жандыларға

Жаны қалайтын жұмыс таппай жүрген егіздер үшін бұл жыл сәтті жыл болғалы тұр. Жұмыстағы мансабыңыз наурыз айында өспек. Өйткені сол кездері сіздің алдыңыздан тамаша жоспарлар күтіп тұр. Қараша айында сіздің мойныңызға көптеген жауапкершілік артылмақ. Күз айы жұмысыңыздың өрге басар мезгілі дей беруге де болады.

  • Ерлерге

Сіз өз биігіңізге асықпай, аялдап жетесіз. Тек наурыз айында өзіңізді қай істе көргіңіз келетіндігін анықтап алып, сол бағытқа қарай жүргеніңіз жөн. Сіздің жүйкеңізге тиетін шаруалардың саны артуы мүмкін. Сондықтан бұл жылан жылы сізден көп мөлшерде сабырлылық пен төзімділікті күтеді. Жеңіске тек төзу арқылы көз жеткізесіз. Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал қараша айында сізге жаңа жұмыс тапсырылады. Сенімді жұмыс! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз.

Сіз сүйетін жан

  • Нәзік жандыларға

Сізге тосын сый дайындаудан шаршамайтын жігіт керек-ақ. Алғашқы жарты жылдықта сізге моральдық көмек беретін адам аса қажет болады. Сондықтан кез келген тұста көмек бере алатын жанды таңдауға тырысыңыз. Екінші жарты жылдықта сізді көптеген кездесулер мен романтикалық отырыстар күтуде.

  • Ерлерге

Сіздің талғамыңыз мықты және өз-өзіне сенімді аруларды қалайды. Екінші жарты жылдықта сүйгеніңізбен керемет естелік қалдыратын сәттер орнайды. Ол сізге қиын кездерде қалай алға басуды үйретеді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер:myzodiak.info

А. Әбілхан