Жаңа жылға арнау

Жаңа жылға арнау
Алқынған тілектер. Алтыннан сырғалар...
Талпынған жүректер. Танымас тұлғалар.
Бағалы сыйлықтар. Жағалы шенділер
Арымас пейілдер. Жаны мас бұл қала...
* * * *
Жап-жасыл шыршалар. Ап-асыл аппақ қар
Аппақ қар бетіне жазылған шатпақтар.
Тағдыры талайлар - жан-нұры арайлы ән
Шатпақтар-тақпақтар табанда. Жаттап қал!
* * * *

Сәнденген сұлулар. Сән берген жігіттер
Ән кірген би-кештер. Гүл-нәзік үміттер.
Бір ауық ойлар мен "жылауық" күдіктер
Бу алған жігіттер. "Ту" алған бүліктер...
* * * *
Мақаммен мақалдар... Бокал мен бокалдар
Атам мен апамдар. Қатар мен қатарлар.
Жаңа жыл атанған жаңаша кеште бұл
Жылан жыл - жыр-ән жыл! Құт қонсын адамға!!!
Сурет:kluch-znahar.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига