2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Тауешкі

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Тауешкі

• Нәзік жандыларға

Сіз өте қайсар жансыз және кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сондықтан да төрімізге шыққалы отырған жылан жылында жұмыста да, үйде де көптің назарында болмақсыз. Әріптестеріңізді, туыстарыңызды, жора-жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, арты жақсылыққа апармайды. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Тамыз, қыркүйек айларында өміріңізге елеулі өзгерістер енгізуден қалыс қалмаңыз және қараша айында сізді өте жағымды жаңалық күтіп тұр.

• Ерлерге

Дәл қазір сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік болып тұр, сондықтан әріптестеріңіздің арасында көшбасшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Тек теріс мінездеріңізді жарыққа шығарып, есіріп кетіп жүрмеңіз. Жылдың басында көптеген сәтсіздіктермен дос болғаныңызбен, жыл ортасындағы саяхат пен тәжірибе алмасу сапары сіздің өміріңізді мәнді әрі қызықты ете түспек.

Жеке өмір

• Нәзік жандыларға

Сіз үшін 2013 жылдағы ең басты мақсат – кез келген өзгерісті оңай қабылдай алатын, сіздің талпыныстарыңызды бағалайтын және қорған болатын өмірлік серігіңізді табу. Сондықтан өзіңіздің жалғызыңызды достарыңыздың арасынан іздеңіз. Ал егер таңдауыңызды жасап қойған болсаңыз, қарым-қатынастарыңызды аялай түсіңіз. Әсіресе, мамыр айында маңызды кикілжіңдер орын алуы ықтимал. Тіпті мамыр айының аяғында немесе маусым айында жеке өміріңізге бейтаныс жаңа сезім қонақ болады. Бастысы айналаңыздағы жақын адамдарыңыздың қадіріне уақытысында жете біліңіз...

• Ерлерге

«Ең бірінші – ұшақ, ал қыздар – сонан кейін»... Дәл осы фраза сіздің 2013 жылғы ұраныңызға айналмақ. Расымен де бойдақ тауешкілерге салмақты қарым-қатынастарға барудың қажеті жоқ. Сіз үшін өміріңізге ең қажетті бояулар бере алатын жаңа, қызықты таныстықтар мен мүмкіндіктер маңызды болуы қажет. Ал отбасылы тауешкілеріміздің кейбірін екінші жарты жылдықта жанжалдар күтіп тұр. Тіпті кейбірінің соңы ажырасуға дейін алып барады.

Жұмыс және мансап

 Нәзік жандыларға

Жылдың алғашқы жартысында кәсіби өсулерге үміттенуіңізге әбден болады. Жаныңыз қалайтын іспен айналысуға немесе қызықты ілімді бастауға мүмкіндік берілетін болады. Әріптестеріңізбен, басшылықпен қарым-қатынаста абай болыңыз. Бұл жерде де ақылыңыздың көмегіне жүгінуді естен шығармаңыз. Жаныңызға тыныштық бермей жүрген мәселелердің кілті маусым, шілде айларында табылатын болады.

 Ерлерге

Жоғарыдан байқап отырған боларсыздар, іскер тауешкі мырзаларымыз үшін жылан жылы жетістіктерге толы. Әсіресе жеке кәсіппен айналысатын азаматтардың жұлдыздары жанғалы тұр. Бірақ жұмыс деген шаш-етектен болады. Әрине, табысқа жету үшін міндетті түрде ерен еңбек пен маңдай тер қажет-ақ. Маңызды шешімдерді жеті рет өлшеп, бір рет кесуді ұмытпаңыз және ең сенімді серіктеріңізбен ақылдаса отырып қабылдаңыз.

Сіз сүйген жан

• Нәзік жандыларға

Сізге жұмыстан жабысқан ауырлықтардан арылтып, қамқор болатын ханзада керек. Бұған қоса ол сіздің қызығушылықтарыңызды, сүйікті істеріңізді қабылдап, бөлісе білу керек. Десе де, келер жылы сіз жасы үлкен, қоғамда белгілі бір жетістікке жеткен, мәртебесі жоғары азаматты іздейтін боласыз.

• Ерлерге

Сіздің қиялыңыздағы қыз – тек қана көрікті болмауы керек, оған қоса көркіне ақылы сай, білімді, мәдениетті, жан-жақты болуы керек. Және күні бойы бас алмастан жұмыс істеп келген сіздің көңіліңізді тауып, қамқор бола алуы да шарт. Дәл осы қасиеттерге сіздің кез келген идеяңызды қолдай кететін «аңғалдықты» бойына сіңірген перизат ие болуы керек.

 Суреттер:myzodiak.info

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева