Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / 2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Мерген

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Мерген

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Мерген

• Нәзік жандыларға

Мерген бикештерге арналған жорамал таңғалысқа толы. Өйткені мергендер көпшілік ортаны ұнататындықтарына және өмір сүйгіштіктеріне қарамастан, келер жылды медитация мен жалғыздыққа арнайды. Және бұл құлшыныс өте орынды. Бүгінге дейінгі өміріңізге есеп беріп, болашаққа деген жаңа жоспар құратын уақыт жетті. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліңіз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазылмаған. Жұмысыңыз кедергі келтіріп жүрген болса, аз уақытқа демалыс алыңыз. Алғашқы жарты жылдықта мұндай өзгерістерді қабылдау қиын болғанымен, жаз айларынан бастап бәрі де қалпына түседі.

• Ерлерге

2013 жылы өзіңізге назар аудартуды біржола доғарып, «көлеңкеге» айналғаныңыз сіз үшін дұрыс болмақ. Бұл жеке және қоғамдық өмірге де, жұмысқа да қатысты айтылған болжам. Өзіңізге жалғыздықтан ләззат алуға мүмкіндік беріңіз. Ең оңтайлы нұсқа – бос уақытыңызда әртүрлі тәттілер мен қызықты кітаптарды дорбаға салып алып қала шетіне немесе өзіңізді танымайтын ортаға кетіп қалу болмақ. Бастысы өзіңізге сенбеушілікті жеңіп, айқын мақсаттар құра біліңіз!

Жеке өмір

• Нәзік жандыларға

Қызықты әрі кездейсоқ романтикалық танысулар кезеңі жалғаса береді. Сәуір айында тағдыр сізге ерекше таныстық дайындап тұр. Бұл кездесу түрлі шытырман оқиғалар мен жалынды махаббат сыйлайтын болады. Отбасы мүшелеріңіздің арасындағы түсініспеушілік тамыз айына дейін созылатын болады. Бәрін де ақылмен шешуге тырысыңыз. Тұрмыс құрған нәзік жандыларымыз жары екеуінің арасындағы қиындықтарға екінші жарты жылдықта нүкте қоя алады.

Ерлерге

Мерген бойдақтарымыз жылан жылында өмірлік серігін табуы екіталай болып тұр. Алайда кездейсоқ таныстықтар да жоқ емес. Аялдамада немесе автобуста ұшырасқан перизат сіздің жүрегіңізді жаулап алуы мүмкін. Ал қалыңдығы бар азаматтарымыз бірінші жарты жылдықта әйелдерінің көңілдерінен шықпай, жиі кикілжіңдер туса да, екінші жарты жылдықта бәрі де қалпына келеді.

Жұмыс пен карьера

• Нәзік жандыларға

Сізді жоғары мансап күтіп тұр. Қаңтар-наурыз айларында бар күшіңізді жұмысыңызға салар болсаңыз, сәуір айында сіздің еңбегіңіз еленіп, дәрежесі жоғары қызмет ұсынылады. Қазіргі жұмысыңыздан бас тарту туралы ой мазалап жүрсе, мамыр айына дейін шыдағаныңыз жөн. Өз күшіңізді тексеріп көріңіз. Кім білсін, сіз дәл осы қызмет үшін жаралған боларсыз...

• Ерлерге

Мерген жігіттеріміз де аруларымыздан қалыспайды. Олар да өз қызметінде үлкен жетістіктерге жете алады. Бастысы өзіңіздің қарсыластарыңызға тойтарыс беру. Бастаған ісіңізді әрқашан аяғына дейін жеткізетін болыңыз. Әріптестеріңізбен текетіресіп, бастығыңызға қарсы шығудың еш қажеті жоқ. Шыдамдылық танытсаңыз, қыркүйек және қазан айларында жұртшылық сіздің барлық талантыңыз бен іскерлігіңізге куә болады.

Сіз сүйген жан

 Нәзік жандыларға

Сізді кино және әдебиет жаңалықтарын әңгімелесуге болатын, бірге саяхат жасауға жайлы интеллектуалды жігіттердің ұнайтындығын жақсы білеміз. Алайда келер жылы құпиялы әрі мистикалы азаматтарға, мәселен, психология, музыка саласының майын ішіп, жілігін шаққан адамдарға назар аудара жүріңіз.

 • Ерлерге

Сізге белсенді, энергияға бай және сіз сияқты кез келген уақытта саяхатқа аттанып кете алатын ханым керек. Биылғы жылы өзін қоғамдық ортада ұстай алатын, отбасының қамқор отанасы бола алатын аруды іздестіре жүріңіз.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: woman.ru

2546 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 желтоқсан 2012, 22:14
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 10:19

әй, қайдаааам) бәрі осындай болып кетсе кәнеки)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...