Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңа жыл түнінде сүйіктіңізге сезім білдіргіңіз келсе...

Жаңа жыл түнінде сүйіктіңізге сезім білдіргіңіз келсе...

Жаңа жыл түнінде сүйіктіңізге сезім білдіргіңіз келсе...

Табиғат жаңғырып, жаңа жыл есік қағатын сәт — жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін қуанышқа толы. Жаңа жыл қарсаңында ауа райының ызғарына қарамастан, адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Көңілдің көтеріңкі күйге түсуін пайдаланып, жүрегіңіз қалап жүрген жанға сезіміңізді білдіру — ұтымды шешім. Қарапайым күнмен салыстырғанда, жаңа жылда білдірілген сезім әсерлірек болмақ.

Табиғаттың құдіреті деуге келер, жаңа жылдың түнінде жер беті тіршілік алғаш басталғандай күйге енеді.

Тіршілік иелерінің ішінде адам махаббат алдында ерекше дәрменсіз.  Жан- тәнімен шын ғашық болған жан ғана батыл қадамдарға бара алады. Табиғат адам бойына ақыл-ой, парасатпен бірге ұлы сезім — махаббатты сыйға тартқан. Егер махаббат болмаса, дүниені көңілсіздік билеп, адамдар жауыздық жетегіне еріп, азып-тозып кетер еді.

Сонымен, жаңа жылды қарсы алуға санаулы-ақ сағаттар қалды делік. Сезім білдіру үшін табиғат аясы керемет мекен: тек қана сіз және сүйіктіңіз, сосын табиғат. Оның үстіне, қыс мезгілінде айнала аппақ қарға оранып, нағыз романтикалық орынға айналады. Алдын ала жоспарлы түрде сүйіктіңізге қала сыртына барып серуендеуге ұсыныс жасаңыз. Ұсынысыңызды қабыл алғаннан кейін, нағыз жоспарға көшіңіз. Ол үшін:

—     Көлік жағын ұйымдастырыңыз;

—     Әдейі жаңа жылдық сыйлық сатып алыңыз;

—     Табиғатта серуендеуге міндетті түрде дәмтатыммен сусыннан алып шығыңыз;

—     Сүйіктіңізге айтар сөздеріңізді алдын ала дайындап алыңыз;

Әдемі сөздермен сүйіктіңізді бір жібітіп алғаннан кейін, дайындап әкелген сыйлығызды ұсыныңыз. Жаңа жылда бар жақсылықтарды тілеп, сусыннан ала отырып, ғашық екеніңізді жария етіңіз.

 Сіздің бұл батыл қадамыңызға сүйгеніңіз жауап қайтармауы мүмкін емес. Ал егер бұл тәсіл ұнамаса келесісін көріңіз:

Сезім білдіру немесе өз сүйгеніңізге үйлену ұсынысын жасау сәті жаңа жыл түніне тұспа-тұс келсе, сіздің жолыңыздың болғаны. Жаңа жыл түні — сезім білдіруге тамаша мезгіл. Кез келген жан, оның ішінде нәзік жанды арулар жаңа жылда армандардың орындалып, ғажайыптың боларына ерекше сенеді. Ал дәл осы түні сүйіктіңізге келіп, тосыннан сый жасап, сезіміңізді білдірсеңіз, аруыңыз үшін бұл — ғажайыптың өзі болмақ. Бұл мерекелік жыр жолдарын оқып беріп, сыйлығыңызды ұсынып көріңіз:

Жаңа жыл аппақ қарын шашып тұр,

Сағаттар он екіні таяп тұр,

Алтындай менің сүйіктім,

Сезімім ішке сыймай тұр.

 

Айтарым, сені сүйемін!

Сүйіп мен, оттай күйемін!

Өзіңмен өткен әр сәтті,

Уақыттың лағылына теңедім!

 

Жыл бойы кетпесін нұр жүзіңнен,

Өшпесін біздегі нәзік сезім де,

Өзіңе салып ыстық сөзімді,

Саусағыңа саламын жүзікті.

Ал жүзік — некенің нышаны екенін ескерсек, бір ғана жыр жолдарымен, сыйлыққа жүзікпен сіз сүйіктіңізге үйлену ұсынысын жасаған боласыз.

 

Бұл тәсіл қарапайым күндері де орындалуы мүмкін. Ал жаңа жыл түнінде білдірілген сезім өзгеше, романтикаға толы.... Жаңа жыл құтты болсын!

Суреттер newyearstory.ru сайтынан алынған.

1136 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 29 желтоқсан 2012, 22:39
Пікірлер
+0
30 желтоқсан 2012, 00:14

ехххххх

+0
31 желтоқсан 2012, 13:04

Ұйқасы жоқ өлең екен.

+0
31 желтоқсан 2012, 15:07

:D иа ұйқасы жоқ

+0
31 желтоқсан 2012, 22:54

Еххххххх жигит болсам......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...