Айкезбені неге оятуға болмайды?

Айкезбені неге оятуға болмайды?
Фото: teo-tetra.livejournal.com

Түнде ұйықтап жатып орнынан тұрып кететін айкезбені (лунатизм) көрген де, көрмеген де бар. Бірақ бәріміз естідік. Әсіресе "айкезбені оятуға болмайды" дегенді көп естіген болармыз. Ендеше оның сыры екен, соны білейік.

Айкезбе дерті - медицинада біршама зерттелген тақырып. Адамның неге ай кезіп кететіні де анықталған. Бәрі ұйықтап жатқан адамға, ми жұмысы мен тынығуына байланысты. Адам ұйықтаса да, ми ұйықтамайды. Ұйықтаған адамның миы жұмыс істеп тұрғанымен, денесі қозғалыссыз, парализденген күйде жатады. Бұл – адамның табиғи қорғанысы. Өйткені адам ұйықтағанда денесі байланған күйде жатпаса, мидың айтқанын, түсінде көргенін істеп кетуі мүмкін. Әсіресе адам жылдам ұйқыға кеткен кезде, денесі түк сезбей, сұлық жатады.

Бірақ терең ұйқыға кеткенде қызық парадокс болады. Яғни, ми мүлде ұйықтамайды. Сау күйінде жатады да, денеге сигнал беріп, айтқанын істете алатын қабілетке ие болатын көрінеді. Қызықтың бәрі осы жерден басталады.

Жақында Италияның Нигуард ауруханасында айкезбеге шалдыққан науқастарға жүргізілген арнайы зерттеуден мұндай адамдардың миы жартылай ояу жататыны белгілі болды. Яғни, мидың бір бөлігі шырт ұйқыға кетеді де, бір бөлігі сергек ояу болады. Айкезбелікке осы дисбаланс себеп. Ұйықтап жатқан адамның ояу миы денеге айтқанын істетіп, орнынан тұрғызып жіберетіні содан.

Дәрігерлердің айтуынша, айкезбеліктен төсегінен тұрып кеткен адамды оятудың орнына алдап қайта төсегіне жатқызған жөн. Ел айтып жүргендей, "айкезбені оятсаң, жүрегі жарылып кетеді" деген ой медицинада әлі дәлелденген жоқ. Дәрігерлер айкезбені оятуға болады, бірақ оянған адамның өзі ыңғайсыз болуы мүмкін, сондықтан оятып қажет емес дегенді алға тартады.

Қ. Слямбек