Бидің денсаулыққа пайдасы

Бидің денсаулыққа пайдасы
Фото: andrologmed.ru

Әлемде бидің түрі көп. Әр мәдениет пен әр халықтың өз биі бар десек те болады. Кейбірін салтанатты кеште, мереке мен жөн-жоралғыда билейді. Қалай десек те, би адамның физикалық белсенділігін дене қимыл-қозғалысын жақсартып, денсаулығын күшейтуге көмектеседі.

Би жас та, жыныс та талғамайды. Арық адам да, толық адам билей береді. Әлсіз не кәрі адамдар ақырын биден бастаса, шымыр адамдар шапшаң, қызуқанды биге үйір.

Би билеген адамның қан айналымы жақсарып, жүрек және өкпе жұмысы ретке келеді. Жүрек қан тамыры мен бұлшықеттері жұмсарады. Би адамның миы мен моторикасына жақсы әсер етеді. Содан адамның ақыл-ойы мен логикалық қабілеті артатын көрінеді.

Бимен үнемі айналысатын адамның сүйегі мықты, бұлшықеті шымыр болады. Остеопорозға шалдықпайды. Биші адамдардың көзі өткір келеді, кеңістік мен аумақты тану, бой үйрету қабілеті жақсы дамиды. Денесі икемді, иілгіш әрі тепе-теңдікті дәл ұстайды.

Бір сөзбен айтқанда, би адамның физикалық белсенділігін арттырып, сенім ұяталады. Ми жұмысын, ми қызметін жақсартады. Содан адамның психологиялық жай-күйі де бейімделе бастайды.

Өмірде байқасаңыз, биші адам өзіне өте сенімді, сондай еркін келеді. Бимен айналысқан адамның қартаюы да кешеуілдейді.

Қ. Слямбек