Генетика және бала: әкеден балаға қандай қасиеттер беріледі?

Генетика және бала: әкеден балаға қандай қасиеттер беріледі?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Зерттеу бойынша бала анасына қарағанда әкесінен көп қасиет алады. Сонымен бұл қандай қасиеттер?

Көздің түсі

Қоңыр және қара көз доминант, ал сұр, көк және жасыл көз рецессивті. Әдетте, егер ата-анасының бірінің көзі қара болса, бала көзінің түсі де қара болады. Қара көзді ата-аналардың баласының көзі көк болса, уақыт өте келе оның көзі бәрібір қарайып кетеді екен.

Бет пішімі

Бет симметриясы генетикаға өте тәуелді. Егер баланың әкесі ат жақты, қыр мұрынды болса, бала да уақыт өте келе осы ерекшеліктерін көрсете бастайды. Сонымен қатар, құлақ та генетикаға байланысты.

Тіс

Тістің сапасы мен формасы генетикамен тығыз байланысты. Егер әкесінде ауыз қуысы проблемасы яғни тістегі жарықтар немесе олардың арасы алшақ болса, балада да мұндай мәселелер болады. Қазіргі кезде стоматология керемет түрде жұмыс істейді және бұл кемшілікті балалық шақта түзетуге болады.

Шаш

Егер әкенің шашы қара және қалың болса, балада да қара шаш болады. Шаштың түсі, құрылымы, тығыздығы, ерте ағаруы, тіпті ерлердегі шаштың балаға берілуі генетикалық тұрғыдан негізделген. Егер әкенің шашы бұйра болса, баланың шашы тегіс болмайды.

Интеллект

Әрине, адам өмір бойы дамиды, бірақ ерекше интеллект генетика арқылы берілетінін ұмытпауымыз керек. Ғалымдар оның генетикамен, әсіресе, ата-аналардың гендерімен тікелей байланысты екеніне сенімді. Сондықтан, егер сіздің жұбайыңыз ақылды болса, өзіңізді жолы болғыш адамдар қатарына қоса беріңіз. Мүмкін сіз болашақ данышпанды тәрбиелеп жатқан боларсыз.

Саусақ ізі

Бұл өрнектер әр адамның өзіне ғана тән. Алайда, көбіне балалар мен ата-аналардың саусақ ізі өте ұқсас болады.

Дене (бойы)

Бала дене-бітімінің қалай болуы ата-анаға байланысты. Әдетте, баланың бойы әкесіне тартады. Егер әкесінің бойы ұзын болса, баланың да бойы ұзын болады.

Салмақ

Адам салмағы да генетикаға өте тәуелді. Егер әкесі артық салмаққа бейім болса, онда оның балалары, әсіресе қыз бала, осындай қасиетке ие болады.

Қалжың

Әзіл айта білу өнері – бұл жинақталған қасиет, бірақ интеллект сияқты ол да тұқым қуалайды, бұл да әкеден балаға беріледі.

Ұйқы

Желіде біз әкелерімен бірдей қалыпта ұйықтап жатқан балалардың суреттерін жиі кездестіреміз. Ұйқының табиғаты шынымен де әкенің генетикасымен анықталады. Оның құс ұйқы болуы немесе көп ұйықтауы әкесінің қалай ұйықтауына байланысты.

Т. Раушанұлы