Аз ұйықтаған адам артық салмақ қосуға бейім болады

Аз ұйықтаған адам артық салмақ қосуға бейім болады
Фото: freepik.com

Кейінгі уақытта әлем бойынша ұйқының орташа ұзақтығы қысқарып келеді. Мысалы 1960-2000 жылдар аралығында ұйқының ұзақтығы 1-2 сағатқа қысқарған. Ал бұл үрдіс адам денсаулығына кері әсер етпей қоймайды. 

Ұйқыға кеткен адамның ағзасы лептин және грелин гормондарын өндіреді. Ұйқы азайғанда лептин өндірісінде маңызды рөл атқаратын май тіндерінің қабілеті төмендеп, керісінше грелин гормоны мөлшерден тыс өндіріледі. Осының салдарынан ұйқыдан тұрған адам өзін аш сезініп, бірден тамақ ішкісі келеді. 

Бұдан бөлек ұйқы азайғанда күйзеліс гормоны кортизолдың жұмысы күшейе түседі. Кортизол мөлшерден көп болғанда зат айналымы бұзылып, ағзадағы май тіндерінің көбеюіне әкеп соғады. Осыған қарап аз ұйықтаған адам артық салмақ қосуға бейім келетінін аңғаруға болады. 

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

А. Рысдәулет