BioNTech және Pfizer жасаған вакцина қандай сынақтан өтті?

Немістің BioNTech биотехнологиялық компаниясы мен Pfizer фармацевтикалық концерні жасап шығарған коронавирусқа қарсы вакцинасы 90% нәтиже беретіні белгілі болды. 

Вакцина да өзге дәрі-дәрмектер секілді сатылымға шықпас бұрын бірнеше тексеріс пен тәжірибеден өтеді. Тексеріс үш кезеңге бөлінген. Алғашқы екеуінде вакцинаның дұрыс дозасы анықталады. Оған аз ғана ерікті қатыса алады.

Екі кезеңнен сәтті өткен вакцина үшінші фазада айналымға жіберіліп, мыңдаған ерікті адамның қатысуымен тағы тексеріледі. Осыдан кейін барып оның қауіпсіздігі мен ауруға қарсы қаншалықты тиімді екені шешіледі.

Pfizer мен BioNTech вакцинасын зерттеуге қатысуға 43 мың адам ерік білдірген. Олар екі топқа бөлініп, біреуі шын вакцина, екіншілері бос ерітіндісі бар укол алды. Сосын зерттеушілер коронавирус жұқтырғандардың қай топқа жататынын зерттеді. Нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың 90% вакцина алмаған топтан шықты.

Pfizer вакцинаны АҚШ-тың мемлекеттік органына тіркеуге өтініш білдірген. Қазірдің өзінде компания жыл соңына дейін 50 миллион, ал келер жылы миллионға жуық вакцина жасауға қауқарлы екенін мәлімдеді. 

BioNTech пен Pfizer компанияларынан бөлек АҚШ-тың Moderna, Британияның Astra Zeneca және Қытайдың CanSino фирмасы вакциналарын сынақтан өтізіп жатыр.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры