Денис Тен тірі болғанда 28 жасқа толар еді...

Денис Тен тірі болғанда 28 жасқа толар еді...

Бүгін Олимпиаданың қола жүлдегері, үздік мәнерлеп сырғанаушы марқұм Денис Теннің бүгін туған күні. 1996 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Биыл аман жүргенде, 28 жасқа келер еді.

2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірді. Соның арқасында Қазақстанға Ванкувер Олимпиадасына қос бірдей жолдама алып берді.

2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болған Денис он бірінші орыннан көрінді.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында алтыннан алқа тақты.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис Тен өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шығып, қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып, күміс жүлдені еншіледі.

Осылайша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні көлік ұрыларының қолынан қаза болды.