Никола Тесла кім?

Никола Тесла кім?
Фото: i-fakt.ru

Никола Тесла – Леонардо да Винчиден кейін туған ең ұлы адам. Оның адамзат дәуірін төңкеріп, әлемді өзгеркен жаңалықтар ашқанын бірі білсе, бірі білмейді. Ашқан ғылыми жаңалықтарының көбі басқа ғалымдардың атына жазылып, еншісіне кетіп қалған.

Мәселен, Никола Тесла ойлап тапқан радиоактивті сәулені Вильгельм Рентген (рентген сәулесі), радионы Маркони мен Попов "ұрлап алған". Одан басқа спидометр, автокөліктің жану жүйесін, радар негізін, айналмалы тоқ генераторын, алғашқы гидроэлектростанцияны да ойлап тапқан – Никола Тесла.

Ол дауыс пен суретті ауа арқылы таратуға болатынын 19 ғасырда-ақ айтқан. Ал мұндай дәуір адамзатқа ХХ ғасырда келгені белгілі.

Тесла тұжырымдағын "динамикалық гравитация теориясы" физика ғылымының іргелі заңдарының біріне айналды. Алайда ол Эйнштейннің салыстырмалы теориясына қарсы, оны жоққа шығаратын ұстаным болғандықтан, жарияланбай қалған.

1884 жылы Тесла АҚШ-қа келіп, ғалым Томас Эдисонның компаниясына жұмысқа орналасады. Эдиссон оған тұрақты тоқтың генераторын құрастырып шықса, 50 мың доллар сыйақы беретінін айтқан. Тесла генератор конструкциясын құрастырып шығады. Алайда Эдиссон уәде еткенімен, сыйақысын бермей қойған көрінеді. Бұған өкпелеген Тесла жеке кетіп, компания құрады. Әрі айнымалы тоқ тұжырымдамасын жасап, оның тұрақты тоқтан әлдеқайда тиімді екенін дәлелдейді. Сөйтіп Эдиссон құрған компанияны банкрот қылады.

Бұған ашуланған Томас Эдиссон өмірінің соңына дейін Тесламен жауласып, оны тарихтан, физика ғылымынан атын өшіру үшін барын салады. Әрі оны ондай жауыздыққа жетті десек те болады. Тесла ойлап тапқан жаңалықтар не жойылып кетті, не басқа ғалымдар "тартып алды". Ал Тесланың өзі өмірінің соңында жалғыз қалып қайтыс болған.

Қ. Слямбек