Асқар Жұмаділдаев қиын есептің жауабын тапқан адамға 1400 доллар береді (видео)

Асқар Жұмаділдаев қиын есептің жауабын тапқан адамға 1400 доллар береді (видео)
Фото: Yernar Almabek/Massaget.kz

Белгілі ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев  "Tańsholpan" бағдарламасына берген сұхбатында өзі берген қиын есептің шешімін тапқан адамға 1400 доллар беретінін айтты.

Асқар Жұмаділдаев: "Қазаққа ақын емес, технократ керек"

"Мен бұл есепті 60 жасымда ұсындым. Жауабын тапқан адамға 100 доллар беретінімді айттым. Бұл есеп:  – х!+1=у2. Содан бері жыл сайын 100 доллар қосылып, бүгінге дейін 1400 долларға жетті", - дейді ғалым.

Ғалымның айтуынша, қазіргі жастардың потенциалы өте жақсы. Оның есебін шығарғандар бар екен. Бірақ қате болып шыққан.

"Бұл өте қиын есеп. Шығара алмайтын есептер қатарына жатады. Оны шығару мүмкін емес. Мұның жауабын өзім де білмеймін. Әлемде шешімі жоқ есептер көп қой", - дейді Асқар Жұмаділдаев.

Бұдан бөлек ғалым, үш стақанмен берілген "ұйқы ашар" есебінің жауабын тапқан адамға 100 доллар беретінін де айтты.

Т. Раушанұлы