Ахметжан Есімов Денис Тенге көлік кілтін табыстады

Ахметжан Есімов Денис Тенге көлік кілтін табыстады

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов елімізге Сочи Олимпиадасынан жүлдемен оралған Денис Тенге Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыстады. Бұл туралы vesti.kz сайты әкім аппаратының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

- Біз барлығына жанкүйерлік таныттық. Сен әлі жассың, болашақ биік белестерің әлі алда. Егер Алматы 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алатын болса, елімізді сол сында жеңіске жетелерсің деп сенемін. Біз саған әрқашан жанкүйер болып, қолдау танытып отыратын боламыз, – деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Денис Тен де Алматы қаласы әкіміне алғысын білдіріп:

- Сочи Олимпиада ойындарында 2022 жылы қысқы ойындарды Алматы қаласы өткізуге құлықты екенін, және сол жолда бақ сынап көретінін жеткізген отырыс болып өтті. Бұл үшін мен қуандым. Менің достарым да Алматыға келгісі келетіндіктерін, және жеңіске жетуіне тілектестік білдірді, – деді.

Денис Тен – Алматы қаласының тумасы. Спорттық мансабын осы Алатаудың бөктерінен бастаған. Кеше ғана аяқталған ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында ұлттық құрамамыздың қоржынына жалғыз жүлдені салған спортшы. Сол қола арқылы Қазақстан құрамасы Сочи аламанында 26-шы орынға тұрақтады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

(Суреттің материалға қатысы жоқ)

Сурет:highaperture.com

О. Сансызбай