Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Алтын медалін сатқан Олимпиада чемпиондары

Алтын медалін сатқан Олимпиада чемпиондары

Алтын медалін сатқан Олимпиада чемпиондары

Олимпиада алауы өшіп, жалауы көшкен шақта, алтын медальдан ғұмырлық ұстанымдарын артық қойған,  бағалы жүлдесін сатып жіберген спортшыларды назарларыңызға ұсынамыз. Ендеше, еңбектері сіңген елеулі алтындарын сатқан спортшылардың өмір оқиғалары...

1. Марк Уэллс, АҚШ, 1980, Хоккей


Кез келген спортшы үшін кез келген алтын медальмен қоштасудың, оның күллі өмірлік мән-маңызы мен тарихилығын сезіне тұрып, одан айрылудың қандайлық қиын екенін біле беруге болар. Уэллстің қоштасуы қиынға соққан жоқ: ол ми жұлын қызметінің зақымдалуына алып соққан генетикалық дерттің ем-домын төлеу үшін медалін сатты.

Медальді ол жеке топтамашыға (коллекционер) сатып жіберді, ол өз кезегінде, 2010 жылы  бәссауда үйі арқылы 310 мың 700 долларға табыс түсірді. 

Медальда мына бір сөздер жазып қалдырылған: 

"Осы бір алтын медаль менің жеке жетістігім мен біздің командалық жеңісімізді әспеттейді. Осынау алтын медальді иеленген жиырма ғана ойыншының бірі болғаным үшін, 1980 жылдың ақпанына ол менің жүрегімнен үлкен орын алды. Оны сатуға бел буған кезде, мен оны мойнымнан тастамай, тағып жүрем деп шештім. Мен тіпті өз өмірімнің соңғы екі аптасында осы медальмен ұйқыға кетіп жүрдім. Мен қалай қарасам, сіз де солай бағаларсыз деп үміттенемін". 

2. Владимир Кличко, Украина, 1996, Бокс


Атлантадағы ойындар Украинаның жадында Олипиада ойындарына алғаш рет тәуелсіз ел ретінде қатысумен есте қалған-ды.

Сол себепті де, Кличконың алған алтын медалі тарихи сәт болатын. Алайда, Кличко өзінен гөрі, кішкентай спортшыларға көмектесуді маңыздырақ санады. 2012 жылы жүлдесі бәссаудада сатылып, ағайынды Кличколарға миллиондаған доллар түсірді. Балаларға арналған спорттық лагерьлер мен спортқа қажетті жабдықтауларды қаржыландыруға жұмсалды. 

Сатып алушы Тәңірге жақын жарылқаушы болып шығып, артынша медальді Кличкоға қайтарып берді.

3. Энтони Эрвин, АҚШ, 2000 жыл, жүзу


Энтони Эрвин 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 50 метрге еркін әдіспен суға жүзуде алтын алды.

2003 жылы 22 жасында ол "өз өмірін ретке келтіру үшін... еш кедергісіз, келешекте тәртіп-жүйеге бағынбастан, жарыстарға мәжбүрліктен бармауға және кәсіби биігінде қалу үшін" спортпен қош айтысты.

2004 жылы eBay саудасына жүлдесі қойылды, содан түскен 17  мың 101 долларды Үнді мұхитындағы жер сілкінісінен зардап шеккен жандарға арнады.

2012 жылы Эрвин 50 метрге қашықтыққа жарыс жолына шыққанмен, жүлдеге іліне алмады. 

4. Отыля Енджейчак, Польша, 2004 жылы, жүзу


Афинадағы Олимпиада ойындары шымылдығын түрмей тұрып, 10 жыл ертеректе Енджейчак жеңіп алған кез келген алтынын қайырымдылыққа қиятынын мәлім етті.

Көп ұзамай жеңіс тұғырына көтерілгенде, сол сөзінде тұра білді.

200 метрге баттерфляй әдісінен мойынға таққан алтыны 80 мың долларға сатылып, аталған қаржы лейкемия ауруына шалдыққан балаларды емдеуге қол ұшын беретін польшалық қайырымдылық ұйымына аударылды. "Маған есте қалуы үшін медальдың қажеті жоқ" - деді ол. - "Мен өзімнің Олимпиада чемпионы екенімді білемін. Ол менің жүрегімнің төрінде". 

Қайырымдылық: Томми Смит, АҚШ, 1968 жыл, жеңіл атлетика


Томми Смитті танып қалуыңыз әбден мүмкін: желаяқтарды марапаттау кешінде (200 метр қашықтыққа) ол қара нәсілділерді кемсітушілікке (Black Power salute) қарсылық ретінде қара былғары қолғап ішіндегі жұмулы жұдырығын жоғары көтерген екі америкалықтың бірі болатын.

Медальдің қаншалықты мән-маңызға ие екеніне қарамастан, ол оны бәссаудаға шығарды. Екі рет. 

2000 жылы Смит пен әйелі Делоиз Джордан-Смит спортшының естелік заттарына бәссауда веб-сайтын жасады - TommieSmith.com. Сол уақытта сұралған сома 500 мың долларды құрағанымен, Смит мұндай қомақты қаржыны төлеуге, шыны керек, ешкімнің бара қоймасын жасырмады. 

Арада он жыл өткенде, Смит тағы да бәссаудаға жүгінді; саудаласу бұл жолы 250 мың доллардан бастау алған. Көпшілік Смитке ақшаның өз тұрмысына қажетті болғанын айтады, алайда, Смит жайлы 2007 жылы шыққан автобиографияның бірлескен авторы Дэвид Стил мұны теріске шығарады.

"Менің оның жасөпірімдерге арналған спорттық ұйым құрғысы келетінін білетінмін. Түскен қаржының көп бөлігі соған жұмсалатыны анық еді", - дейді Moments in Time бәссауда үйінің өкілі. Смит болса бұл тақырыпта сөз қозғамаған.

Бәссауда көп ұзамай жаңалықтардан берілмей қалған, төмен берілген бағаның өзін айғақтайтын ешбір мағлұмат жоқ. Дей тұра, TommieSmith.com сайтында бүгінде медальдың орны бос тұр...

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: ima-earth.com; mentalfloss.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 ақпан 2014, 13:56
Пікірлер
+0
24 ақпан 2014, 15:16

Ризамын алған медальдарынды сатып ақшасын қайырымдылыққа жұмсаған (ол медаль қаншама қажыр қайратпен келген) спортшылар ана өмірдің жұмақтың есігі ашық тұрған шығар... алдында АҚШ - Финляндия және Канада-Швеция ойындарында байқадым Шайба аренаға великпек келіп соған қолтанбасын қалдырып сатып қайырымдылыққа жұмсамақшы екен оларға риза болып едім...

+0
24 ақпан 2014, 16:12

Виталий Кличко!

+0
24 ақпан 2014, 16:37

Көбі қайырымдылық үшін сатыпты. Игі іс! :)

+0
24 ақпан 2014, 23:25

Томми Смитқа ризамын!

+0
25 ақпан 2014, 19:35

мәләдестер

+0
25 ақпан 2014, 20:03

Жеңіп алғаннан, қайырымдылық мақсатында сатқандары жоғарырақ ерлік ғой дп ойлаймын!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.