Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың соңғы күнінде

Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың соңғы күнінде

Сочи Олимпидасының соңғы жарыс күнінде шаңғышылар мен бобслейшілер, хоккейшілер арасында үш алтын комплектісі сарапқа салынады екен.

Бұл күні спорттың бір түрінен ел спортшылары сынға түспек. 

Евгений Величко, Сергей Черепанов, Марк Старостин мен Ердос Ахмадиев ерлер арасында 50 шақырымға масс-старт сайысында  бақ сынайды. Жарыс жолының басталуы Астана уақытымен сағат 13:00-ге жоспарланған. Тікелей көрсетілімді KazSport пен "Хабар" арнасынан тамашалай аласыздар. 

Хоккейден ерлер арасында өтетін финалдық ойын Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын аяқтайды. Шведтер мен канадалықтар арасында өтетін тартысты жекпе-жекті тікелей эфирде KazSPort арнасы таратады. Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:00-де.

Олимпиаданың салтанатты жабылу кеші Астана уақытымен сағат 22:14-те басталады. Көрсетілімді KazSport пен "Хабар" арнасынан көре аласыздар.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Ертеректе ол қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде барлығы 255.10 ұпай жинап, қола медальды иеленген еді. Командалық есепте Қазақстан 25 орында тұр. Жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасы көш бастап тұр.

 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: alaman.kz

Л. Лига