Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Оңтүстік Корея әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың қорытындысымен келіспейді

Оңтүстік Корея әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың қорытындысымен келіспейді

Оңтүстік Корея әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың қорытындысымен келіспейді

Оңтүстік Кореяның мәнерлеп сырғанау Федерациясы Халықаралық конькишілер одағына (ISU) Сочидегі Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудағы еркін бағдарламада ресейлік Аделина Сотникова мен оңтүстік кореялық Ким Ю Наның алған ұпайларының ISU стандартына сәйкес келетіндігін тексеру үшін ресми хат жолдады, деп хабарлайды «Р-Спорт» агенттігі.

«Сочидегі Оңтүстік Корея құрамасы отандық федерацияға ISU президенті Оттавио Чинквантеге әйелдер арасындағы жекелей сынның бағалары ISU стандартына сәйкес келетінін тексеруге өтініш білдіруге хат жолдады»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл жөнінде РФ конькимен мәнерлеп сырғанау Федерациясының президенті Александр Горшков та өзінің пікірін білдіре кетті.  

«Маған белгілісі, мәнерлеп сырғанауда шағымды тек математикалық қателер кеткенде ғана беруге болады, ал мұндай жағдайда аталған хаттың қанағаттандырылуы мүмкін емес. Ал біз өз тарапымыздан оңтүстік кореялық жақтың түсірген шағымында ешқандай негіз жоқ деп санаймыз. Себебі Олимпиададағы басқа да мәнерлеп сырғанау түрлеріндегі сияқты, әйелдер арасындағы жекелей сында да төрешілер өз жұмыстарын ISU нормасына сай атқара білді»,-дейді Горшков.

Естеріңізге сала кетсек, мәнерлеп сырғанау бойынша әйелдер арасындағы сынның қысқа бағдарламасында ресейлік Аделина Сотникова кореялық Ким Ю Наға 0,28 ұпайға ұтылып, бірақ еркін бағдарламадан кейін жалпы ұпай бойынша қарсыласынан 5,48 ұпайға басым түсіп, нәтижесінде Ресей тарихында тұңғыш рет әйелдер арасында Олимпиада чемпионы атанған болатын. Алайда осы оқиғадан кейін іле-шала кейбір шетелдік БАҚ «әділ қазылар Сотникованың ұпайын көтермелеп қойды» деп даулы ақпараттар таратып үлгерді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ifenews.ru

 

1314 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 22 ақпан 2014, 22:06
Пікірлер
+0
23 ақпан 2014, 00:52

АҚШ тықтарда келіспейтіндерін айтты ғой. Біздің сараптаушыларда орыстарға жақ болып кетті деп жатыр ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...