Сочи-2014: биатлоншыларымыз жүлдеге ілікпеді

Сочи-2014: биатлоншыларымыз жүлдеге ілікпеді

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы 4х7,5 шақырымдық эстафеталық сында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан толық бір айналымға қалып (LAP) жарысты аяқтады. 

Биатлонның соңғы сынында Ресей құрамасы спортшыларының бағы жанды. Мәре сызығын бірінші болып кесіп, ұлттық құрамасының қоржынына 11-ші алтын медальды салды. Күміс неміс спортшыларына бұйырса, қоланы Австрия құрамасы иеленді.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kapital.kz

Л. Лига