Сочи-2014: Слалом сайысында жеңімпаздар анықталды

Сочи-2014: Слалом сайысында жеңімпаздар анықталды

Сноубордшы Вик Уайлд Сочи Олимпиадасында ерлер арасында өткен параллельді слалом сайысында алтын медальды иемденіп отыр.

Ресейлік спортшы ерлер арасында параллельді слалом сайысында топ жарып, өз елінің қоржынына оныншы алтынды салды. Словен спортшысы Жан Кошир жеңімпаздан 0,11 секундқа қалыс қалып, күміс медальды иеленді. Қола жүлде аустриялық Бенджамин Карлға бұйырды.

Аустриялық Юлия Дуймовиц әйелдер арасында параллельді слалом сайысында жеңіс тұғырына көтерілсе, күміс пен қола медаль неміс елінің өкілдері Анке Карстенс пен Амели Коберге бұйырды.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін биатлоннан 7,5 шақырымға ерлер эстафетасы басталады. Ел атынан Диас Кенешев, Сергей Наумик, Антон Пантов пен Александр Трифонов бақ сынайды. KazSport арнасынан тікелей эфирде сағат 20:30-де тамашалай аласыздар.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: ria.ru

Л. Лига