Сочи-2014: Норвег қыздары үш орынды бөліске салды

Сочи-2014: Норвег қыздары үш орынды бөліске салды

Марит Бьерген Сочи Олимпиадасында әйелдер арасында өткен 30 шақырымға масс-старт сайысында жеңімпаз атанып отыр.

Норвег шаңғышылары жарыс басталғаннан көш басына ұзап шығып, мәре сызығана дейін тізгінді бермей келді. 33 жастағы Марит Бьерген 1:11:05.2 уақыт көрсеткішімен бірінші орынды иеленсе, күміс пен қола Тереза Йохауг (+2.6) пен Кристин Стёрмер Стейраға бұйырды (+23.6).

Бұл сында Қазақстан атынан Елена Коломина мен Татьяна Осипова өнер көрсеткен болатын. 33 жастағы Елена жарыс жолында 48-орынға қол жеткізсе (+10:44.8), 26 жастағы Татьяна 51-орынға табан тіреді (+12:47.4).

Ертеректе ел атынан жарыс жолына алғашқы болып шыққан Валерия Цой параллельді слалом сайысында іріктеу сынынан аса алмаған болатын.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін биатлоннан 7,5 шақырымға ерлер эстафетасы басталады. Ел атынан Диас Кенешев, Сергей Наумик, Антон Пантов пен Александр Трифонов бақ сынайды. KazSport арнасынан тікелей эфирде сағат 20:30-де тамашалай аласыздар.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.kz

Л. Лига