Сочи-2014: Сноубордшымыз іріктеу кезеңінен аса алмады

Сочи-2014: Сноубордшымыз іріктеу кезеңінен аса алмады

Сноубордшы қызымыз Валерия Цой Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында параллельді слалом бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңінен аса алмады.

1/8 финалға 16 үздік спортшы іріктеліп шықты.

25 жастағы ел спортшысы 1:08.67 уақыт көрсеткішімен соңғы орынға табан тіреді

Естеріңізге сала өтсек, ертеректе ел спортшысы параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша 1/8 финалға шыға алмаған болатын.

Сол уақытта отандық спортшымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 1:54.57 уақыт көрсеткішімен 23-орынға табан тіреген едіВалерия бірінші мүмкіндікте Швейцария елінің өкілі Стефани Мюллерге жол берсе, бағдарламаның екінші бөлігінде 57,04 секунд уақыт көрсеткішіне қол жеткізген-ді. 


Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет:vesti.kz  

Л. Лига