Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың он бесінші күнінде

Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың он бесінші күнінде

Бұл күні отандық спортшыларымыз жарыстың үш түрінен сынға түседі екен.

Ел атынан жарыс жолына алғашқы болып шығатын Валерия Цой параллельді слалом сайысында бағын сынайды. Спортшымыз қызымыз осымен Сочи Олимпиадасында екінші рет өнер көрсеткелі отыр. Ертеректе ел спортшысы параллельді алып слалом сайысында іріктеу сынынан аса алмаған болатын. Іріктеу кезеңі Астана уақытымен сағат 11:15-те басталады. KazSport арнасы тікелей эфирде таратады.

Шаңғы жарысынан әйелдер арасында 30 шақырымға масс-старт сайысы өтеді. Қазақстан атынан Елена Коломина мен Татьяна Осипова өнер көрсетеді. Жарыстың басталуы Астана уақытымен сағат 15:30-ға жоспарланған. KazSport пен "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Биатлоннан 7,5 шақырымға ерлер эстафетасы басталады. Ел атынан Диас Кенешев, Сергей Наумик, Антон Пантов пен Александр Трифонов бақ сынайды. KazSport арнасынан тікелей эфирде сағат 20:30-де тамашалай аласыздар.

Естеріңізге сала өтсек, дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Ертеректе ол қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде барлығы 255.10 ұпай жинап, қола медальды иеленген еді. Командалық есепте Қазақстан 25 орында тұр.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: ust-kamenogorsk.kz 


Л. Лига