Қазақстан шорт-трекшілері 5-ші орын алды

Қазақстан шорт-трекшілері 5-ші орын алды

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен эстафеталық сайыстың ақтық сынында бақ сынаған Қазақстан құрамасы бесінші орынды иеленді. Құрамында Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев және Айдар Бекжанов бар жерлестеріміз жарысты сәтті-ақ бастаған-ды. Алайда өздерінде бар мүмкіндікті пайдалана алмады.

Эстафеталық сынның алтын жүлдесі Ресей құрамасының спортшыларына бұйырды. Күмісті америкалық конькишілер иеленсе, қола Қытай құрамасының намысын қорғаған спортшыларға бұйырды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com

Ө. Сансызбай