Сочи - 2014. Виктор Ан Ресейге екінші алтынын сыйлады

Сочи - 2014. Виктор Ан Ресейге екінші алтынын сыйлады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта бақ сынаған спортшылар қатарынан жеңімпаздар анықталды. Ресей намысын қорғап жүрген Виктор Ан жарыс қожайындарының қоржынына өзінің екінші алтынын салды. 

Виктор Ан осылайша Олимпиада ойындарындағы бесінші алтынына қол жеткізіп отыр. Ол осыған дейін 2006 жылы Туринде өткен додада үш алтынды Оңтүстік Корея елінің атынан түскен сында жеңіп алған-ды. Бұл - Ресей құрамасының қоржынына түскен сегізінші алтын жүлде. 

Күміс қытайлық Дацсин Уға бұйырса, қоланы канадалық Чарли Корнайер жеңіп алды.

Шорт-тректен әйелдер арасындағы 1000 метрлік ақтық сында да кәріс ұлтының тағы бір өкілі топ жарды. Сын Хи Пак 1:30.761 минут уақыт көрсеткішімен Олимпиада чемпионы атанды. Күмісті қытайлық спортшы Кесин Фан иеленсе, қола тағы бір корейлік шорт-трекші Сук Ху Шимға бұйырды.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай