Сочи-2014: Канада қоржынына сегізінші алтын түсті

Сочи-2014: Канада қоржынына сегізінші алтын түсті

Фристайлшы Мариэль Томпсон Сочи Олимпиадасында ски-кросс сайысында алтын медальды иемденіп отыр.

Канада елінің қос өкілі Мариэль Томпсон мен Келси Серва ақтық сында алтын мен күмісті иелену арқылы өз елдерінің қоржынын бір алтын, бір күміспен толықтырды. Қола жүлде швед қызы Анна Холмлундқа бұйырды.

Естеріңізге сала өтсек, бүгін кеште биатлоннан 6 шақырымға әйелдер арасында командалық эстафета басталады. Қазақстан құрамасынан Галина Вишневская бастаған, Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева қостаған қыз-келіншектер шығады. Жарыстың басталуы Астана уақытымен сағат 20:30-ға жоспарланған. KazSport арнасы тікелей эфирде таратады.  

Шорт-тректен 5000 метрге командалық эстафетада ерлер бақ сынайды. Қазақстан құрамасы Ресей, АҚШ, Қытай, Нидерланды құрамаларымен таласқа түседі. Сайыс жолына Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Аслан Даумов, Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов шығады. Тікелей эфирде "Хабар" арнасынан Астана уақытымен сағат 23:55-те тамашалай аласыздар. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: alpinecanada.org 

Л. Лига