Сочи - 2014. Допинг дауы басталды

Сочи - 2014. Допинг дауы басталды

Халықаралық Олимпиада Комитеті Германия құрамасы спортшыларының біреуінің қанында допинг барын анықтаған. Бұл туралы ресейлік сайттар хабарлап отыр.

Осыған дейін неміс құрамасына кеше аталған іс бойынша хабар да берілген болатын. Әзірге спортшы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Қанында рұқсат етілмеген дәрі бар спортшының есімі бүгін кешке белгілі болмақ. Қазіргі таңда Германия құрамасы жалпыкомандалық есепте 8 алтын 4 күміс 4 қола жүлдемен 3-ші орында келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: bit.ua

Ө. Сансызбай