Барак Обама Канаданың премьер-министрімен бір жәшік сыраға бәстесті

Барак Обама Канаданың премьер-министрімен бір жәшік сыраға бәстесті

АҚШ президенті Барак Обама мен Канаданың премьер-министрі Стивен Харпер Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындары аясында хоккейден АҚШ пен Канаданың әйелдер мен ерлер құрамасының ойынына бір жәшік сыраға бәстескен болып отыр. 

"Канаданың премьер-министрімен хоккейден АҚШ-Канада жекпе-жегіне бәстесіп отырмыз" - деп қалдырған екен Ақ үйдің Twitter-дегі парақшасына Обама. 

"Мен Обамамен бәске отырдым. Осы аптадағы Канада мен АҚШ-тың ерлер мен қыз-келіншектер құрамасына бір жәшік сырадан бәске тігілді. АҚШ құрамасы - жақсы команда, бірақ біз жеңіске жетеміз" - деген екен Харпер Twitter-дегі парақшасында. 

Дәл қазіргі уақытта бәсте Обама ұтылып келеді, себебі, қыз-келіншектер финалында Канада құрамасы АҚШ-ты 3:2 есебімен тізе бүктіріп, алтыннан алқа таққан болатын. 

Екі елдің ерлер құрамасы арасындағы жартылай финалдық ойын бүгін кеште өтеді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: barackobama.ru 

Л. Лига