Дима Билан гала-концертте ән шырқайтын болды

Дима Билан гала-концертте ән шырқайтын болды

Олимпиада ойындары аясында мәнерлеп сырғанаушылардың көрнекі өнері кешінде алғаш рет Ресейдің Конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясының жаңа әнұраны шырқалмақ. Бұл туралы Ресейдің Конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясының ресми сайтында хабарланды.

Әнұранды ағылшын тілінде француз теноры Бенжамин Бернхейм мен Scorpions тобының вокалшысы бірлесіп орындамақ.

24 ақпанда Мәскеуде өтетін "Олимпиада жүлдегерлерінің" гала-концертінде әнұранның орысша нұсқасын Дима Билан орындайтын болды. 

Әнұранның әуенін белгілі композитор Михаил Яни туғызса, сөзін Сочи Олимпиадасының ресми әнұранын дүниеге келтірген Карен Кавалерян жазған.

Концерт "Лужники" шағын спорт аренасында өтеді. Концертке итальяндық Каролина Костнер, АҚШ өкілдері Мерил Дэвис/Чарли Уайт және Наоми Ланг/Петр Чернышев, сондай-ақ Канададан Тесса Вирту/Скотт Мойр бишілер жұбы мен ресейлік Екатерина Гордеева қатысады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: moscvichka.ru

Л. Лига