Сочи-2014: Норвегия қоржынына оныншы алтын түсті

Сочи-2014: Норвегия қоржынына оныншы алтын түсті

Норвегия құрамасы Cочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан командалық жарыста жеңімпаз атанды.

Норвегия елінің өкілдері Магнус Моан, Ховард Клеметсен, Магнус Крог, Йерген Гробок 4х5 шақырымдық эстафетада үздік көрсеткішке қол жеткізіп (47 минут, 13,5 секунд), сол арқылы Сочи Олимпиадасының алтынын тағып отыр.

Екінші орын норвегиялықтарға мәре сызығында жол берген неміс спортшыларына бұйырды (Фабиан Рисле, Бьёрн Кирхайзен, Йоханнес Ридзек, Эрик Френцель). Аустриялық Лукас Клапфер бастаған жігіттер үшінші орынды иемденді.

Норвегия құрамасының қоржынында он алтын, төрт күміс, жеті қола медаль бар. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rsport.ru

Л. Лига