Олимпиада чемпионы покер ойынына 8,32 мың доллар ұтылды

Олимпиада чемпионы покер ойынына 8,32 мың доллар ұтылды

Cочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы норвег шаңғышысы Петер Нортуг покер ойынының үлкен әуесқойы саналады екен. 

Сочиде Олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы интернет арқылы покер ойынына 8,32 мың доллар ұтылып қалған, деп жазады HighStakes Database.

Нортуг қысқы ойындар басталғаннан бері покерде ойнап келеді. 12 ақпанда ол 20 мың доллар ұтылып қалған, алайда, арада төрт күн өткенде 12.5 мың доллар ұтып алған. 

Норвег спортшысы журналистермен сұхбатта Олимпиада ойындары кезінде покерде ойнайтынын жоққа шығармаған да, растамаған да.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.ru

Л. Лига