Сочи-2014: француздар үш орынды да алды

Сочи-2014: француздар үш орынды да алды

Француз фристайлшылары Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында ски-кросстан жеңіс тұғырына көтеріліп отыр. 

Спорттық сайыстың бұл түрінде Жан Фредерик Шапюи жеңімпаз атанды. Күміс жүлде Арно Боволентаға бұйырса, қоланы Жонатон Мидол иемденді. 

Франция қоржынында төрт алтын, үш күміс, үш қола медаль бар. Командалық есепте француздар тоғызыншы сатыға көтерілді.

Естеріңізге сала өтсек, дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Ертеректе ол қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде барлығы 255.10 ұпай жинап, қола медальды иеленген еді. Командалық есепте Қазақстан 25-орында тұр. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sbornaya-rossii.ru

Л. Лига