Сочи - 2014. Чехия қоржынына екінші алтын түсті

Сочи - 2014. Чехия қоржынына екінші алтын түсті

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы конькимен 5000 метрге жүгіру сынында чехиялық спортшы Мартина Сабликова чемпион атанды. Ол бұл қашықтықты 6:51.54 минутта бағындырып, ұлттық құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды.  

Күміс медаль нидерландылық конькиші Ирен Вьюстқа бұйырды. Бұл спортшы қыздың Сочи Олимпиадасындағы үшінші күмісі болып отыр. Сонымен қатар, 3000 метр қашықтықта топ жарған болатын. Қоланы тағы бір нидерландылық спортшы Карин Клейвекер иеленді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru 

О. Сансызбай