Сочи-2014: Шаңғышыларымыз соңғы келді

Сочи-2014: Шаңғышыларымыз соңғы келді

Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан командалық классикалық спринт сайысында Финляндия құрамасы топ жарды.

Екінші орын Ресей құрамасына бұйырса (23:15.86), қоланы Швеция елінің спортшылары иемденді (23:30.01).

Шаңғышыларымыз Алексей Полторанин мен Николай Чеботько 24:01.38 уақыт көрсеткішімен жарыс жолын 8-орынмен аяқтады.

Әйелдер арасында Норвегия құрамасы топ жарып отыр. Екінші орынды фин қыздары иеленді, қола Швеция елінің өкілдеріне бұйырды.

Ертеректе әйелдер арасында осы сынға ел атынан екі спортшы қатысқан болатын. Елена Коломина мен Анастасия Слонова жарыс жолын тоғыз команданың ішінде соңғы болып аяқтап, мәре сызығына 17 минут, 49.66 секундта келіп еді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет :total.kz

Л. Лига