Сочи-2014: Шаңғышыларымыз финалға шыға алмады

Сочи-2014: Шаңғышыларымыз финалға шыға алмады

Шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан командалық классикалық спринт сайысында финалға шыға алмады.

Елена мен Анастасия жарыс жолын 17 минут, 49.66 секундта аяқтап, сол арқылы тоғыз команданың ішінде соңғы орынға тұрақтады.

Финалда Норвегия, Швеция, Финляндия, Польша құрамалары мен финалға күні бұрын өткен АҚШ, Швейцария, Ресей, Германия, Аустрия, Словения құрамалары бақ сынайды.

Естеріңізге сала өтсек, сағат 16:05-те Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жарыс жолына шықпақ. "KazSport" арнасынан тамашалай аласыз.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vesti.kz 


Л. Лига