Сочи-2014. Твиттерде ең көп талқыға түсетін спорт түрлері

Сочи-2014. Твиттерде ең көп талқыға түсетін спорт түрлері

Керлинг, жұптасып өнер көрсету, мәнерлеп сырғанау мен сноуборд спорт түрлері Twitter-де ең көп талқыға түседі екен. Бұл жайлы Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының ресми сайты мәлім етті.

Ондықтың қатарына бобслей мен хоккей спорты да еніп отыр. Сонымен бірге, Твиттер қолданушылары биатлон, шаңғы спорты мен тау шаңғысы, коньки тебу спорт түрлерін де көп талқыға алған.

Жалпы есепте, Олимпиада ойындарының 12 күнінде қолданушылар 22 миллионға жуық пікір қалдырып үлгеріпті.

Естеріңізге сала өтсек, бүгін сноубордшы қызымыз Валерия Цой жарыс жолына бірінші болып шығады. Іріктеу кезеңінің басталуы Астана уақытымен сағат 11:15-ке жоспарланған. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан тамашалай аласыз.

Сағат 15:15-те шаңғы спортынан жақын қашықтыққа классикалық стильде жартылай финалдық сайыс өтеді. Шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова өнер көрсетеді. Ізімен финалға берілер жолдаманы сарапқа салу үшін отандық спортшыларымыз Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жарыс жолына шығады. KazSport арнасынан 16:05-те көрсетеді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: valerietsoy.com

Л. Лига