Сочи-2014: Айдар мен Нұрберген 1/4 финалға шыға алмады

Сочи-2014: Айдар мен Нұрберген 1/4 финалға шыға алмады

Шорт-трекшілеріміз Нұрберген Жұмағазиев пен  Айдар Бекжанов Сочидегі Олимпиада ойындарында  500 метр қашықтыққа жарыс жолында 1/4 финалға шыға алмады.

Айдар өз жарыс жолында британдық Джон Или мен ресейлік Виктор Анға жол беріп, үшінші орынды иемденді. Нұрберген болса мәре сызығына соңғы болып келді. 

Ертеректе конькиші қызымыз Инна Симонова Сочидегі Олимпиада ойындарында 1000 метр қашықтыққа жарыс жолында 1/4 финалға шыға алмаған болатын.

Инна жарыс жолында үшінші орын алған-ды. Ел спортшысын фотофиниште америкалық Эмели Скотт басып озып, сол арқылы АҚШ елінің өкілі келесі кезеңге өткен еді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: bestnews.kz

Л. Лига