Сочи-2014: Тина Мазе екінші алтынын иемденді

Сочи-2014: Тина Мазе екінші алтынын иемденді

Тина Мазе Сочидегі Олимпиада ойындарында «слалом-гигант» сайысында алтыннан алқа тағып отыр. 

30 жастағы словениялық спортшы 2:36.87 уақыт көрсеткішімен брінші орынды иеленді. Екінші орын Аустрия елінің өкілі Анна Феннингерге бұйырды (+0,07 секунд). Қола жүлдені неміс қызы Виктория Ребенсбург иемденді (+0,27).

Естеріңізге сала өтсек, бүгін кеште конькимен жүгіруде 10 000 метр қашықтыққа Дмитрий Бабенко шығадыЕл спортшысы осымен Сочидегі үшінші жарыс жолына шыққалы отыр. Ертеректе Дмитрий 5000 метр қашықтықта 15-орынды иемденсе, 1500 метр қашықтықта 30-орынды місе тұтқан болатын. Жарыс жолының басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.

Тізімде 14 спортшының аты аталады, біздің Бабенко неміс елінің өкілі Патрик Беккертпен жұптасып шықпақ екен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: skitours.com.ua 

Л. Лига