Сочи-2014. Оқырман білуі тиіс Олимпиада оқиғалары

Сочи-2014. Оқырман білуі тиіс Олимпиада оқиғалары

Доминикандық дәулетті жұптың жарыс жолына шықпай қалуы, британдық спортшының жаттығуда естен тануы, швейцариялық фирманың Сочи Олимпиадасын күйреуден құтқаруы - оқырман білуі тиіс Олимпиада ойындарының оқиғалары төменде...

Yahoo!: "Олимпиада ойындарына келген, бірақ қатыса алмаған шаңғышылар"


Гэри мен Анжелика ди Сильвестри қысқы ойындар басталмай тұрып өздерінің Сочиге келу-келмеулерін ертегіге бергісіз әңгіме екенін айтқан екен. Шыны керек, бұл ертегі бүгінде қорқынышқа айналып отыр. Доминикан елінің өкілдері шаңғы жарысына шыға алмады: сынған мұрын және асқазан тұмауы. 

Гэри ди Сильвестри - Нью-Йорктың тумасы. Дәулеті шалқыған хедж-фонд пен бағалы қағаздарға иелік етуші кәсіпкер. Өз кезегінде, жарасымды жұптың Теркс пен Кайкос аралынан жер аумағын сатып алуға әбден мүмкіндігі бар еді. Олимпиада ойындарына да жолдама алуға мүмкіндігі бар тұғын. 

Доминикан аралы Ди Сильвестри жұбына азаматтық беріп, олар сол аймақта әртүрлі гуманитарлық жобаларды қолға ала бастаған көрінеді. Іс мәнісін, әрине, Ди Сильвестрилер жайып салмаған, бірақ Доминиканның қысқы Олимпиадаға өз өкілдерін жіберуге бел буып, осы жұпқа қолқа салғаны анық. 

47 жастағы Гэри мен 48 жастағы Анжелика Доминиканның ұлттық шаңғы қауымдастығын құрып, қысқы ойындарға дайындықтарын жүргізіп келіпті. Бірақ, жарасымды жұп Сочиге келісімен, өмірлері бір сәтте қара жолаққа айналып шыға келіпті. 

"Гэрдің дерті краннан тоттанған су аққанда басталған еді. Душ қабылдап жатып, ол судың түсіне мән бермеген. Тісін де сол сумен жуған. Ертесіне асқазаны шаншып ауырып, сосын біздер емханаға барған едік. Ондағылар оған "асқынған бактериялы гастроэнтерит" - деп диагноз қойған болатын" - дейді U-T San Diego басылымына берген сұхбатында Анжелика.

Анжелика келесі күні жаттығуға аттаныпты. "Қар қатты әрі тайғанақ болатын, спортшылар жақын қашықтыққа жатығып жүрген-ді. Қиын бұрылысқа келгенде шаңғымды тізгіндеп ұстай алмай, дуалға барып соғылдым. Қолайсыз қойылғаны көрініп тұрды - бет жарақатынан сақтап қала алмады" - деп еске алады Ди Сильвестри.

Олимпиадада шаңғышылар жарысында өзінің жас мөлшерімен рекорд орнатудың орнына, Анжелика бірнеше күн қарқынды терапияда жатып, ем қабылдады. Дәрігерлер үш операция өткерді - сынған мұрынға бірінші. 

ВВС: "Шаңғышы өзінің құлағанын ұмытып қалыпты..."


Британдық шаңғышы Роуэн Чешир (хавпайп сайысында жарыс жолына шыққан екен) өзінің жаттыуғда қатты құлап, естен танып қалғанын еске түсіре алмауда. 18 жастағы ағылшын қызы баспен қонып, жексенбінің түнінен кешегі күнге дейін емханада өткізіп келіпті.

Өңі қашқан өз бейнесін твиттерге шығарып, онда былай деп жазып қалдырыпты:

"Кешегі күні жақсы болмады, әлі де көп бөлігін есіме түсіре алмаудамын. Барлығына қолдау үшін рақмет".

Ски-хавпайп сайысы бүгін өтпек, ал Чеширдің командаға қосылу-қосылмауы белгілі емес. Спортшының мазасыз бір түнді артта қалдырып, емханадан шыққаны кеше ғана. "Біз оның қал-жағдайын күн сайын тексерістен өткізіп тұрамыз. Ми шайқалған жағдайда барлық емді қолдануға әзірміз. Оның жарыс жолына қатысу-қатыспауы осы күні белгілі болмақ" - делінген Ұлы Британия құрамасының ресми мәлімдемесінде. 

NY TIMES: "Сочи Олимпиадасын күйреуден сақтап қалған..."


Төрт ай бұрын қар жөнінде халықаралық кәсіби білікті мамандардың бірі Ханс Пирин Сочидің Олимпиада комитетіне тау шаңғы жарысына 19 тоннаның үстінде тұздың керектігін айтқан екен - бұл қосынды жұмсақ қардың қатып, түйіршіктелуіне әкелмек.

Олимпиада ойындары басталуға бір апта қалғанда көп спорттық сайыс кешендерін көшіру қаупі туындап отырғаны белгілі болады. Тіпті, кейбіреулерін болдырмау жөнінде шешім шығарылуға да таялады.

Канадалық кеңесші Тим Гейда (Сочиде кеңесші қызметіп атқарып жүрген) бейсенбінің бір кешінде жиналыста Ресей аумағында түйіршіктелген мұз кесектерінің жоқтығын айтып, құзырлы орыннан 25 тонна тұзды бір түнде қайдан жеткізуге болатынын сұрайды. Алапат нұқсанның алдын алу үшін, халықаралық құпия операция бір деммен жүзеге асырылған.

Төтенше іс-қимылға мерзімнен тыс ат салысуға швейцариялық тұз өндірушілер фирмасы қосылады, Болгариядан ұшақ табылады, кеденнің бұл іске ортақтасқаны белгісіз - сұрау салудан бір тәулік өткенде тау бөктерінде тұз пайда бола бастаған. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.yahoo.com; nytimes.com; bbc.com

Л. Лига