Cочи - 2014. Биатлон сайысы ертеңге шегерілді

Cочи - 2014. Биатлон сайысы ертеңге шегерілді

Сочи ХХІІ қысқы Олимиада ойындарында ерлер арасындағы биатлоннан масс-старт сайысы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ертеңге шегерілді. Бұл бүгінгі күннің медальдар жиынтығы сарапқа салынатын соңғы сайыс болатын.

Олимпиада бағдарламасына орай бұл жарыс Мәскеу уақытымен сағат 19:00-де басталуы тиіс еді. Алайда "Лаура" шаңғы жолын қалың тұманның түсуі, жарысты бастауға мүмкіндік бермеді. Енді сайыс ертең Астана уақытымен 12:30-да өтеді деп жоспарлануда. Мұндай жағдай Олимпиада басталғаннан бері алғаш рет орын алып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай