Сочи - 2014. Айдова 28-ші орынды қанағат тұтты

Сочи - 2014. Айдова 28-ші орынды қанағат тұтты

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында конькимен 1500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында сынға түскен жерлесіміз Екатерина Айдова 28-ші орыннан көрінді. Ол бұл қашықтықты 2:00.93 минут уақытымен бағындырды. 

"Адлер-Арена" спорт кешеніндегі Олимпиада алтыны нидерландылық Йон Тер Морс еншісінде кетті. Ол өз елінің қоржынына бесінші алтынды салып қана қоймай, жалпыкомандалық есепте құрамасын екінші орынға көтерді. Ал ең бастысы - осы қашықтықтағы Олимпиада рекордын жаңартты. Оның уақыты 1:53.51 минутты құрады. Күміс пен қола түгіл төртінші орын да нидерландылық конькиші қыздардың пайдасына шешілді. Ирен Вьюст, Лотте Ван Бек және Маррит Ленстра сынды спортшыларға қарсылас табылмады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: russkating.ru

О. Сансызбай