Сочи - 2014. Сегізінші күн қорытындысы

Сочи - 2014. Сегізінші күн қорытындысы

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының бүгін медальдар жиынтығы сарапқа салынған сегізінші күн де өте шықты. Қазақстан атынан шыққан спортшыларымыздың нәтижесі жоғары бола қойған жоқ. Үздік нәтиже ерлер арасында конькимен 1500 метр қашықтыққа жүгіру сынында бақ сынаған Денис Кузинге тиесілі болды. Ол тоғызыншы орыннан көрінген болатын. 

Сегізінші күннің соңғы медальдар жиынтығы ерлер арасындағы скелетон мен тұғырдан секіру спорты түрлерінен сарапқа салынды. Алғашқысы бойынша Ресей спортшысы Александр Третьяков чемпион атанып, ұлттық құрамасының қоржынына 4-ші алтынды салды. Күміс латвиялық скелетоншы Мартинс Дукурсқа бұйырса, қоланы америкалық Мэттью Антуан жеңіп алды. 

Тұғырдан (трамплин) секіру сынында осыған дейін Польша құрамасына алтын алып келген Камил Стох екінші алтынына қол жеткізді. Күміс медаль жапон Нориаки Касаи еншісіне жазылса, қоланы словениялық Петер Превц жеңіп алды. 

ОрынМемлекетАлтынКүмісҚолаБарлығы
1 Германия Германия 7 3 2 12
2 Швейцария  Швейцария 5 1 1 7
3 Россия Ресей 4 6 5 15
4 Канада Канада 4 5 3 12
5 Нидерланды Нидерланды 4 4 6 14
6 США АҚШ 4 3 7 14
7 Норвегия Норвегия 4 3 6 13
8 Польша Польша 4 0 0 4
9 Китай Қытай 3 2 0 5
10 Беларусь Беларусь 3 0 1 4
11 Австрия Австрия 2 4 1 7
12 Франция Франция 2 0 2 4
13 Швеция Швеция 1 5 2 8
14 Япония Жапония 1 3 1 5
15 Словения Словения 1 1 3 5
16 Южная Корея Южная Корея 1 1 0 2
17 Великобритания Ұлыбритания  1 0 1 2
18 Словакия Словакия 1 0 0 1
19 Чехия Чехия 0 2 1 3
20 Финляндия Финляндия 0 2 0 2
21 Австралия Австралия 0 1 3 4
21 Италия Италия 0 1 3 4
23 Латвия Латвия 0 1 2 3
24 Хорватия Хорватия 0 1 0 1
25 Украина Украина 0 0 1 1
25 Казахстан Қазақстан 0 0 1 1


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай