Сочи-2014: Аустриялық қыз алтын алды

Сочи-2014: Аустриялық қыз алтын алды

Анна Феннингер Cочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында өткен супер-гигант сайысында алтыннан алқа тақты. 

24 жастағы аустриялық қыз 1:25.52 уақыт көрсеткішімен бірінші орынды иеленіп отыр. Екінші орын 29 жастағы неміс қызы Мария Хефль-Ришке бұйырды (1:26.07). Үшінші орынды Аустрия елінің тағы бір өкілі 30 жастағы Николь Хосп (1:26.18) еншіледі.

Бұл сында ел спортшылары өнер көрсеткен жоқ.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін коньки тебу спортында төрт бірдей отандық спортшымыз бақ сынайды. Ерлер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс жолына Денис Кузин, Николай Бабенко, Александр Жигин, Федор Мезенцев шығады. Тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасынан Астана уақытымен сағат 19:00-де көре аласыздар.

Шорт-тректе 1500 метр қашықтықта Инна Симонова өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңі Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Жарысты KazSport арнасынан сағат 01:00-де мұрағаттан көруіңізге болады.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига