Сочи - 2014. Биатлоншы қыздарымыздың жолы болмады

Сочи - 2014. Биатлоншы қыздарымыздың жолы болмады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында биатлоннан 15 шақырымға созылған жекелей сында жерлестеріміздің сапынан үздік көрсеткішті Дарья Усанова мен Галина Вишневская көрсетті. Олар тиісінше 40 пен 41-ші орынға тұрақтады. Одан өзге спортшыларымыздың қатарынан Елена Хрусталева 47-ші, Алина Райкова 65-ші сатыдан көрінді. 

Биатлоннан бұл қашықтықтағы ақ Олимпиада алтыны беларустық қыз Дарья Домрачеваға бұйырды. Ол ұлттық құрамасының қоржынына өзінің екінші алтын медальын салды. Осыған дейін Дарья 10 шақырымдық жарыста да топ жарған болатын. Күмісті швейцариялқ биатлоншы Селина Гаспарин иеленсе, қоланы тағы бір беларус қызы Надежда Скарбино місе тұтты.

Дәл қазіргі уақытта мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарлама жеңімпаздары анықталуда. Кешегі қысқа бағдарлама қорытындысы бойынща жапон Юдзуру Ханю көш бастап келеді, екінші орында - канадалық Патрик Чан. Ал испан спортшысы Хавьер Фернандес үздік үштікті қорытындылап тұр. Ел спортшысы Денис Тен тоғызынша орында, Абзал Рақымғалиев - 20-орын. Ерікті бағдарлама Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады, тікелей эфирде  KazSport пен "Хабар" телеарналары ұсынады. 

Трамплиннен секіруде іріктеу кезеңі өтеді. Онда Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев бақ сынайды. Басталуы: сағат 23:30-да.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай