Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Сочиге бару бұйырғанымен, қатысу бұйырмағандар...

Сочиге бару бұйырғанымен, қатысу бұйырмағандар...

Сочиге бару бұйырғанымен, қатысу бұйырмағандар...

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиадасы кейбір спортшылар үшін сәтті өтіп жатса, енді біреулері үшін орны толмас өкінішке айналуда. Бұл спорттың заңдылығы да. Фавориттердің де сүрініп жатқанын көріп жатырмыз. Ал жарыс алдында күтпеген жерден жарақаттанып сүрінген спортшылардың өкініші туралы айтудың өзі аянышты...

Евгений Плющенко (Ресей), мәнерлеп сырғанау


Кеше мәнерлеп сырғанаудан жекелей сынның қысқа бағдарламасына шыққан Евгений Плющенко аксель әдісін жасаймын деп ойда-жоқта жарақаттанып, жарысты аяқтады. Соңынан жарысты ғана аяқтамай, спорттық мансабын да аяқтағанын мәлімдеді. Кей жанкүйерлердің спортшыға деген өкпесі қара қазандай болса, жарыс қожайындарының кей жанкүйерлері Ресей құрамасына талай жүлде сыйлаған мәнерлеп сырғанаушыға құрметпен қарады. Алғашқы топ жанкүйерлерінің де өкпесін түсінуге болады. Өйткені Евгений Плющенко Ресей ішкі біріншілігінде 18 жастағы Максим Ковтуннан кейін екінші орын алып қалған болатын. Сонымен қатар 2013 жылы жаттығу сәтінде алған ауыр жарақаты да бар-ды. Кейіннен Израильде емделген спортшы айыққанын жеткізген болатын. Кешегі сәтсіздіктен кейін ғаламтор беттерінде түрлі пікір де қаптауда. Ақ Олимпиада жалауын көтермей тұрып дабыл қаққан Ресей либералды-демократиялық партиясының басшысы Владимир Жириновский өзінің айтқаны айдай келгенін түсіндіріп, бүгін мәнерлеп сырғанау спорты басшыларын қызметінен кетуін талап етті. Ол өз кезегінде «бұл дода жарақат алған спортшылар баратын мекен емес, бұл Олимпиада!» - деді. Соңғы Олимпиадасында сүрінген спортшының сәтсіздігі өзінің ғана емес, оның жанкүйерлерінің де жүрегін ауыртты... Десе де спортшы командалық сында өнер көрсетіп, Ресей құрамасы қоржынына алтын медальдың түсуіне өз септігін тигізді. 

Мариан Габорик (Словакия), хоккей


Словакия хоккей құрамасының белді ойыншыларының бірі Мариан Габорик Сочидегі алғашқы жаттығуларында жарақат алып, командасына көмектесе алмай қалды. Бас бапкер Владимир Вуйтек хоккейшінің жарақатын дер кезінде назарға алып, оның орнына Бранко Радивоевичті шақыртты. Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесуін жарыс қожайындарына қарсы өткізген словактар 5:2 есебімен жеңіліс тапты.

Михаил Максимочкин (Ресей), тұғырдан секіру спорты


Ресейлік «қанатты шаңғышы» К125 санатындағы тұғырдан секіру сәтінде ыңғайсыз түсіп, ауыр жарақат алды. Ал жарыс жолына шығуына небәрі бірнеше күн ғана қалған болатын.

Мэгги Войсин (АҚШ), сноуборд


15 жастағы америкалық сноубордшы жарыс алдындағы дайындығын пысықтау сәтінде жарақат алды. Дәрігерлер тексеруінен кейін АҚШ құрамасының сапындағы ең жас спортшының алғашқы іріктеу кезеңіне дейін толық сауығып кете алмайтыны белгілі болды. Ал оның орнын ауыстыратын спортшы да жоқ еді.

Марика Энне (Финляндия), сноуборд


Марика Энне де жарыс алдындағы жаттығуда баспен құлап, жарысты ерте аяқтады. Оған Сочи Олимпиадасының жүлдесі түгіл, бақ сынау бұйырмаған екен.

Тина Вайратер (Лихтенштейн), тау шаңғысы спорты


Әлем Кубогын бірнеше рет бағындырған Лихтенштейн құрамасының жүлдеден үміт күткен спортшысы Тина Вайратер де жарыс алдында оң аяғынан жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады. Бір айта кететіні, бұл спортшының басынан мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр екен. 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиадада Марика жарақат алып, жарысты ерте аяқтаған болатын.

Торстен Хоргмо (Норвегия), сноуборд


Сочи Олимпиадасындағы сноуборд сынында басты фавориттердің бірі саналатын норвегиялық спортшы Торстен Хоргмо жарыс алдындағы жаттығу сәтінде жарақат алып, ақ Олимпиадаға қатыса алмайтыны белгілі болған. Норвегия елі үміт артқан спортшы хаф-пайп және слоупстайл сындарында бақ сынамақ болатын. Алайда дайындығын пысықтау барысында жаттығу жүргізіп жатқан Торстен ыңғайсыз құлап, беті мен бұғанасын жарақаттап алған екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, ris.ru.rsport.ru

Қосылған күні: 14 ақпан 2014, 18:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.