Гус Кенворт еліне көше күшіктерін алып кетпек

Гус Кенворт еліне көше күшіктерін алып кетпек

2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиадада алтыннан алқа таққан америкалық сноубордшы Шон Уайт өзінің сноуборд тақтасын жарысты тамашалауға келген қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға табыстады. Сонымен қатар, сауығуларына шын жүректен тілектес екенін жеткізді.

Екі бірдей Олимпиадада алтыннан алқа таққан сноубордшының Сочиде бағы жанбады. Слоупстайл сынында жарыс жолының сапасыздығына наразы болып, сынға түспесе, хафпайп жарысында төртінші орынға тұрақтады. 

Ал тағы америкалық сноубордшы Гус Кенворт өз еліне 5 көше күшігін алып кететінін мәлімдеген. Ол АҚШ құрамасы тұрақтаған қонақүйдің маңында жүрген 4 күшігі бар итті еліне қалай да болмасын алып кетудің жолын қарастырып жатыр екен. Сонымен қатар, спортшы мұндай сүйкімді көше күшіктерін алғаш рет көргенін ағынан жарылып жеткізіпті. Естеріңізге сала кетсек, бұл сноубордшы слоупстайл сынында Сочи Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ria.ru

Ө. Сансызбай